Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Паттайя қаласында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен австралиялық азамат ұсталды. Таиланд полициясы 46 жастағы Австралия азаматы Саймон Питер Карманды ұстады. Ол 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдікті 26 маусым кешінде Суварнабхуми әуежайында, Австралияның Перт қаласына Jetstar әуе рейсімен ұшып кетпек болған кезде қолға түскен.
Тергеу мәліметінше, 24 маусым кешінде 17 жастағы Тунчанок Донхомла құрбысымен бірге Накхонратчасима провинциясынан Паттайяға келген. Кейін қыздар екіге бөлініп кеткен. Шамамен сағат 21:00-де Тунчанок Beach Road көшесінде австралиялық азаматпен танысқан. Полиция олардың осы түнге дейін бір-бірін танымайтынын айтады.
25 маусым күні сағат 03:34-те бейнебақылау камералары ер адам мен қыздың қол ұстасып, Jomtien Second Road көшесіндегі кондоминиумға кіргенін тіркеген. Олар австралиялықтың жалға алған бөлмесіне көтерілген. Тергеушілердің айтуынша, осыдан кейін бөлмеден күдіктіден басқа ешкім кіріп-шықпаған.
Қыз байланысқа шықпай қойғаннан кейін, оның құрбысы полицияға жүгінген. Тергеушілер оның өмірінің соңғы сағаттарын анықтау үшін бейнебақылау жазбаларын зерттей бастаған.
Тергеуде жергілікті БАҚ жариялаған бейнебақылау камералары басты рөл атқарды. Оларда таңертең 17 жасар қыздың қолынан ұстап, ер адамның қонақ үйге қалай кіріп кеткені көрінеді. Сосын кешке қарай ол ғимараттан үлкен қара шабаданмен шығады.
Ер адам «жүгін» мотоциклге дейін оңай жеткізеді, содан кейін оны ұзақ уақыт жүктейді. 20 минуттан кейін ол қонақ үйге қолы бос оралады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық