«Жол жоқ – салық жоқ»: 4 әкім 12 жыл бойы 15 млрд шығынмен Алматының бір жолайрығын қалай салып жатыр?

Orda.kz тілшісі Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында орналасқан көлік жолайрығына барып, 12 жыл бойы миллиардтарға салынып жатқан жоба туралы ақпаратты нақтылады. Бұл құрылысқа аттай 12 жыл болды, сол кезден бері төрт бірдей әкім ауысқан. Ұзаққа созылған, тұралап жатқан құрылыс жайлы тілшіміз тарқатады.
Бұл материал кешегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік министрі Марат Қарабаевқа инфрақұрылымдық жобалардың мерзімдерін бұзғаны үшін жариялаған сөгісіне қатысты болмақ. Бірінші вице-премьер Роман Скляр екі күннің ішінде мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау жоспарын құрып, жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тексеру мақсатында аймақтарға өзі баруы керек болған. Біз осы материалда кідіріп қалған құрылыс туралы баяндаймыз.
2015 жылы бұл жоба Алматы картасында қарындашпен, кейін үзік сызықтармен пайда бола бастады. Дәлірек айтқанда, бұл жобаны сол 2015 жылы қарастыра бастады. Бірақ сол кезде олар бұндай үлкен құрылысқа ақша бөле алмады. Кейін белгілі болғандай, 2013 жылы әкім Ахметжан Есімовтың кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлінген.
Жоғарғы аудит палатасының қорытындысы бойынша, бұл жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) және басқа да көптеген құжаттар қыруар қаржыға әзірленгенімен, шын мәнінде бюджетке салмақ салып қана қоймай, ешқандай пайда әкелмеген. Аудит нәтижесінде анықталғандай, «Мемлекеттік мүлік туралы» заң талаптарын бұза отырып, жалпы құны 292,3 миллиард теңге болатын жобалар есептен шығарылған және іс жүзінде пайдаланылмаған. Оған қоса, 2022 жылдың бірінші жартысында Алматы қаласының Қалалық мобильдік басқармасы жалпы сомасы 604,9 миллион теңге болатын есептен шығарылған жобалық-сметалық құжаттаманы өз бетінше бір бухгалтерлік есептен екінші есепке – өткен жылдардың шотынан аяқталмаған құрылыс шотына аударып жіберген.
Сол сапасыз жобалардың қатарында Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың ЖСҚ да бар. Бұл құжатты дайындау туралы келісімшарт 2013 жылдың маусымында жасалған.
Алайда бұл жоба еш іске аспай, 150 миллион теңге далаға кетті.

Cпутниктің түсіріліммен қарасақ, жол Х жобасында жазған. Алайда бұл жерде туннельдер мен жолайрық салу жоспарланған.

2017 жылдың 11 қаңтарында Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу бойынша келісімшартқа қол қойылған. 2022 жылдың соңындағы есепке сәйкес, Алматы қаласының мобильдік басқармасының бухгалтерлік құжаттарында аяқталмаған құрылыс нысандарына 44 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалғаны көрсетілген. Бір қарағанда бәрі заңды секілді. Ақша игерілген, құрылыс жүріп жатыр. Бірақ бұл құрылыс жұмыстары баяғыда-ақ аяқталуы керек болатын, алайда әлі күнге дейін бітпей келеді. Неге? Өйткені шенеуніктер қайта-қайта қосымша келісімдерге қол қойып, мерзімдерді шегереді, сметаларды қайта қарайды. Салдарынан құрылыс салу барған сайын қымбаттап бара жатыр.

Олар уақытында істемегендіктен тағы да 15 млрд бөлінді.
Осы жолайрықты салуға арналған алғашқы келісімшарт 5,3 миллиард теңге болған. Алайда оған кейіннен тағы 16 қосымша келісім тіркеліп, олар арқылы жобаның құны мен тапсыру мерзімі бірнеше рет өзгерген. 2022 жылға қарай бұл жобаның бағасы екі есе өсіп, 10,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұл аздай, енді қайтадан жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу қажет, өйткені құрылыс жүргізетін компания ауысты.
Жаңа жобаны тағы да «Қазақ ПромТрансПроект» ЖШС әзірлеген. Бұл компания құрылысқа авторлық қадағалау жүргізу қызметін де атқарған. Қазіргі уақытта жобаны қайта жасау үшін 7,5 миллион теңге болатын негізгі келісімшарт бар, оған қоса 64 миллион теңгеге бірнеше қосымша келісім және тағы 57 миллион теңгеге бір белсенді келісімшарт бар.


«Қазақ ПромТрансПроект» ЖШС-ін Арнұр Аханов басқарады. Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұл кәсіпорын нарықта 31 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Салықтарын уақытылы төлейді, тәуекелі төмен компания ретінде тіркелген. ЖШС-нің 271 мемлекеттік келісімшарты бар — олардың көпшілігіне өзгеріс енгізілген — және 182 рет мемлекеттік сатып алуларға қатысқан.
Компанияның құрылтайшылары қатарында сегіз адам бар, бірақ олардың есімдері ашық көздерде қолжетімді емес. 2023 жылы Арнұр Аханов Orda.kz сайтына берген сұхбатында 2030 жылға қарай Алматы қандай қалаға айналуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Құрылыс басталды
2017 жылы «ҚазГерСтрой» БК компаниясының басшылығымен құрылыс басталды. 8,5 млрд келісімшартқа отырып, содан кейін 2022 жылға дейін созылған бірқатар қосымша келісімдер жасалды.

Алайда, міндеттемелердің орындалмауына байланысты әкімдік компаниямен шартты бұзды.

Мердігер бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінуге тырысты, алайда сот әкімдіктің пайдасына шешім шығарды. Осыдан кейін жоба DSY-13 компаниясына берілді.
Ұзаққа созылған құрылысқа тек құрылыс материалдарының қымбаттауы ғана емес, болашақ жолдың бойында орналасқан тұрғын үйлер мен жер телімдері де себеп болды. Бастапқыда 259 жер телімін сатып алу керек деп есептелген, бірақ кейін олардың саны 270 екені анықталған. Бұл жобадағы ең күрделі мәселелердің бірі. Біріншіден, өтемақы қаражатына қатысты жер иелерінің келіспеушіліктері жиі кездеседі, екіншіден, мәселе мемлекеттік рәсімдер мен құжаттарға қатысты бюрократия да кездеседі.




DSY-13 бұл мәселені бұрынғы мердігерден мұра етіп алғанымен, оны сәл белсендірек әрі жылдамырақ шеше бастады. 2024 жылдың басында 9,2 миллиард теңгеге негізгі келісімшартқа қол қойылды. Бұған дейін де келісім жасау талпыныстары болған, бірақ құжатқа бірнеше рет өзгеріс енгізілген.
Ал 2024 жылдың желтоқсанында дәл сондай ақшаға тағы 9,2 миллиард теңгеге қосымша келісім жасалды.


2019 жылы Алматыда тағы да әкім ауысты — қаланың жаңа басшысы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Ал 2022 жылы ол да қызметінен кетті, енді жобаны аяқтау міндеті Ерболат Досаевқа жүктелді.
Дегенмен жағдай сол баяғыдай: бір нақты жобаны іске асыру үшін шамамен он жыл, төрт әкім және бірнеше миллиард теңге кетті.
Жоспарда не бар еді?
Жолайрық жобасы бойынша Сейфуллин даңғылының бойында екі тоннель салу көзделген «Батыс» және «Шығыс» деп аталатын жалпы ұзындығы 690 метр. Ал Жансүгіров көшесінде көлік қозғалысы жер бетіндегі жолмен жалғасады. Жоба құрамына сонымен қатар төрт жер үсті жаяу жүргінші өткелі мен тротуарлар кіреді. Жол схемасының визуалды эскизі күрделі өрнек секілді өрілген, өзара байланысқан құрылым секілді.

2024 жылы тоннельдерге, кірберістерде асфальт төселіп, көлік қозғалысы сынақ режимінде, уақытша сызықтармен бірге күзде-ақ іске қосылған.
Ерболат Досаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусымында толық аяқталады.
Оның сөзінше, Сейфуллин даңғылы бойындағы жолдың өткізу қабілеті 20%-ға, ал Жансүгіров көшесінде 15%-ға артады.
Алайда бұл қаншалықты тиімді әрі қажет шешім? Өйткені жол ұзақ уақытқа жабылып, жүргізушілер айналма жолдарға үйреніп қалған. Құрылыс басталғалы сегіз жыл өтсе, жобалық-сметалық құжаттама әзірленген уақыттан есептесек тұтас 12 жыл. Осы уақыт ішінде қала халқы да артты, көлік саны да көбейді.
Осы тарихи жол бөлігін өз көзімен көру үшін біз дәл кешкі 18:00 бен 19:00 аралығындағы ең қарбалас уақытта Orda.kz тілшісі сол жерге баруды ұйғарды.
Жолайрық дәл қазір қандай күйде?
Дәл осы тарихи жол учаскесінде, кешкі сағат 18-ден 19-ға дейін, біз онда не болып жатқанын көру үшін келдік. Ал ол жерде жөндеу жұмыстары басталған.




Құрылысшылар тротуарларға әзірге аса көңіл бөліп жатқан жоқ: олардың үстіне құрылыс материалдары қойылған, кейбір шұңқырлар дөңгелекпен уақытша жабылған, айналада үйіліп жатқан құм мен сымдар көп.








Жолдың өзі дайын сияқты. Тоннельдерде көлік қозғалысы өте сирек. Кешкі уақыт болған соң көшелер кептеліске толы. Сірә, нысан толық пайдалануға берілген соң, алматылықтарға бұл бағыттың бар екенін еске салып қою керек секілді.




Жолдың ресми түрде ашылуына өте аз уақыт қалды. Сейфуллин – Жансүгіров жолайрығы бұл тек бір ғана мәселе, ал дәл осындай құрылыс нысандары қаланың басқа бөліктерінде де көптеп салынып жатыр.
Жаңалықтар
- Індет, токсикоз және тұншығу: Маңғыстаудағы каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептері айтылды
- «Тәуелділік тәуекелі»: Ресей салған алғашқы АЭС-ке Қазақстан жалғыз иелік ете ала ма?
- Сарапшы Ерлан Батырбеков неге Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады деген сұраққа жауап берді
- Алматы маңында пойыз бен жол талғамайтын көлік соқтығысты
- «30 миллиондық таңғы ас»: Бейбіт Атамқұловтың ұлы ірі қарыз үшін бизнесменмен соттасты
- Қазақстан Елшісі Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды
- Әйгілі мұнайшы, қоғам қайраткері Жақсылық Жанғазиев дүниеден өтті
- Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?
- Иран ядролық қарудан бас тартып, Израильге шабуыл жасауды тоқтатуға дайын
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 200-300 долларға дейін көтеріледі
- Шілдеде қосымша демалыс күні болады
- Си Цзиньпиннің келуі Астанадағы кептелістерге себеп болады
- АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды
- Израиль - Иран қақтығысы: Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне оралады
- Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?
- Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауы — жай ғана қауесет пе, әлде шындық па?
- Айсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританиядағы әскери оқуы: Қазақстанның әуе қорғанысы Ресейге қаншалықты тәуелді?
- Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
- Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
- Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты