Жетісу облысында көп балалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамалды

cover

Жетісу облысында көп балалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды, көршілері отбасындағы зорлық-зомбылық туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Әйел күйеуін өлтірді деген күдікпен тергеу изоляторында отыр. Жарияланым авторларының айтуынша, олар болған оқиғаны ақтауға тырыспайды, бірақ осы ана мен оның балаларының көп жылдар бойы өмір сүрген жағдайы мен көрген қорлығына назар аударуды сұрайды.

 «Лидия - көп балалы ана. Көп жылдар бойы ол жұмыс істеп, балаларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп, оларды тәрбиелеумен айналысып, отбасын іс жүзінде өз бетінше бағып келді. Өмірдің қиын жағдайына қарамастан, ол әрқашан өз балалары үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты.
Біз, оның көршілері, оның жұбайының отбасылық зорлық-зомбылығына бірнеше рет куә болдық. Ол үнемі үйге мас болып келіп, жанжал шығарып, әйелі мен балаларын қорлап, оларға қол көтеретін. Үйден үнемі айқай-шу, балалардың жылағаны мен жанжал естіліп тұрды» деп жазылған көршілерінің хатында. 

Хат иелері сондай-ақ күйеуінің Лидияны қалай ұрып-соққанына бірнеше рет куә болғандарын айтады.

«Ол зорлық-зомбылық салдарынан болған ауыр жарақаттары туралы айтып берді. Жүктілік кезінде де оны қрып-соққан. Лидия мен оның балаларының айтуынша, күйеуі қыста оларды көшеге қуып шығып, қорқытып, қудалап, бүкіл отбасына үнемі қауіп төндіріп отырған» деп жазылған хатта. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 10 маусымға қараған түні Текелідегі үйлердің бірінде 45 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болғанын растады. Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Тергеуде ерлі-зайыптылардың спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында қаза тапқаны анықталды», деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Сот күдіктіні қамауға алды. Қазір ол Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары процессуалдық шешім қабылдайды.

Тергеу барысын прокуратура бақылайды. Тергеу мүддесі үшін полиция істің басқа егжей-тегжейін ашпады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар