Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
Коллаж: Айқын
Жетісу облысында әлеуметтік шиеленіс қауіпсіздігіне зиян келіп, наразылық өршіп кетуі мүмкін деген себеппен құны шамамен 30 миллиард теңге болатын жол жобаларының бірі жүзеге аспай қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Балпық би және Бақтыбай ауылдары тұрғындарынан түскен көптеген өтініштерге байланысты көлік министрлігі аталған елді мекендерді айналып өтетін автожол салу жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады. Алайда жобаны жүзеге асыруға дайындық барысында жеке меншіктегі, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алып қою және сатып алу қажеттілігі туындады. Бұл өз кезегінде жер иелерінің Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүгінуіне, сондай-ақ халық арасында әлеуметтік шиеленіс туындауына себеп болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының нұсқамасына сәйкес жоба тоқтатылды. Қазіргі таңда жоба бойынша жұмыстар жүргізілмейді», деп жауап берді бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев мәжіліс депутаттарының сауалына.
Бұған дейін мәжілісте Балпық би және Бақтыбай ауылдарының тұрғындары аталған елді мекендерді айналып өтетін автожол құрылысына қатысты өтініш білдіргені айтылған.
«Мұның себебі – ауыл ішінен өтетін республикалық трассадағы көлік кептелістері, әсіресе ауыр жүк көліктерінен бөлінетін зиянды газдар мен майлар, жиі болатын жол-көлік оқиғалары және балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер тұрғындарды алаңдатады. Осы проблеманы шешу үшін кезінде «ҚазАвтоЖол» мекемесі айналма жол жобасын әзірлеген. Балпық би және Бақтыбай ауылдарын айналып өтетін автожолдың жалпы ұзындығы 18,5 шақырым болды. Жобаның құны шамамен 30 млрд теңге» деп жазылған хабарламада.
Олардың айтуынша, бұл жоба елді мекендер арқылы өтетін көлік ағынын азайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және транзиттік қозғалысты елді мекендерден тыс ұйымдастыруға бағытталған.
«Алайда түрлі себептерге байланысты жоба жүзеге аспай қалды. Сонымен қатар қолданыстағы республикалық жолмен жүретін туристер ағыны жыл сайын артып келеді, Достық станциясына бағытталған жүк көліктерінің саны, сондай-ақ Балпық би кентіндегі қант зауытына қызмет көрсететін жүк көліктері де көбейіп отыр. Бұл жергілікті тұрғындарға айтарлықтай жүктеме мен қолайсыздық тудырады. Осыған байланысты аталған айналма автожол құрылысы көлік ағындарын елді мекендерден тыс бағыттауға, транзиттік және ауыл шаруашылығы тасымалдарын тиімді ұйымдастыруға, жол қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді», деп атап өтті депутаттар.
Еске салсақ, 2026 жылы елімізде ақылы жолдар саны өседі. Ақылы жолмен жүру құны автокөліктің түріне ғана емес, учаскенің санатына да байланысты. Олар бірінші және екінші санатты болып бөлінеді.
Атап айтқанда I санат - бұл жолақтары көп (4-тен бастап) және өткізу қабілеті жоғары магистральдар (автомагистральдар, жүрдек жолдар). II санатқа жататыны - қозғалыс қарқындылығы аз жолдар, әдетте өңірлік орталықтарды қосатын, бірақ сапасы жоғары 2 жолақты жолдар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық