2026 жылы еліміздің қай жолдары жөндеу көретіні белгілі болды
Фото: Orda.kz
2026 жылы көлік министрлігі автожол саласында e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылы Қазақстанда жол жұмыстарының барлық түрімен шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолын қамту көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.
Атап айтар болсақ:
- 2300 шақырым жолдың құрылысы және қайта жаңғырту;
- 5000 шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді;
- шамамен 4000 шақырым жолдың жергілікті бағыттағы желісін дамыту.
Басым жобалардың қатарында ірі автожол бағыттарының құрылысы мен реконструкциясын жалғастыру бар. Ұлытау облысы аумағындағы ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолындағы жұмыстар жалғасады.
Жалпы ұзындығы 896 шақырым болатын «Орталық – Батыс» жобасын іске асыру, сондай-ақ Ақтөбе – Ұлғайсын (232 шақырым) және Қарағанды – Жезқазған (572 шақырым) бағыттары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
«2026 жылы бірқатар ірі жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Бұл еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Ауқымды жобалар қатарында «Ақтөбе – Ұлғайсын» , «Қарағанды – Жезқазған», «Бейнеу – Сексеуіл» және аса маңызды негізгі жоба – «Орталық – Батыс» жолы бар», – деді Мақсат Қалиақпаров.
Сонымен қатар ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртуына ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларын айналып өтетін жолдарда жұмыс жүргізіледі.
Туристік және шекара маңы бағыттарын дамыту да жалғасады, оның ішінде Рахман қайнарларына апаратын жол, сондай-ақ Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы учаскесі бар.
2026 жылы күрделі және орташа жөндеу шеңберінде келесі автожолдарда жұмыстар жоспарланған:
- Жезқазған – Петропавл,
- Атырау – Орал,
- Жаңаөзен – Кендірлі,
- Мұқыр – Құлсары,
- Макинск – Ақсу – Торғай.
- Жергілікті жол желісі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Шапай – Сайқын бағыттарындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ Семей қаласындағы автогужевой көпірдің құрылысын жалғастыру көзделген.
Сонымен қатар заманауи цифрлық және технологиялық шешімдерді енгізу жұмыстары қатар жүргізілуде. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарында 71 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған, оның ішінде 38-і республикалық маңызы бар жолдарда, 33-і жергілікті жол желісінде орналасқан. Алдағы уақытта олардың санын 220-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, 2026–2027 жылдары 33 өткізу пунктін толық жаңғырту жоспарланған. Ал олардың өткізу қабілетін 35 млн тоннаға дейін арттыра отырып, реконструкциялау жұмыстарын 2030 жылға дейін толық аяқтау көзделіп отыр.
Сондай-ақ 2026 жылы автожол саласында e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – эталондық деректерді шоғырландыру және олардың қоғамдық бақылау үшін ашықтығын қамтамасыз ету.
Еске салсақ, соңғы бес жылда Қазақстанда жолдарды жөндеу мен салуға 6 триллионнан астам теңге жұмсалғанымен, олардың сапасы тұрғындардың көңілінен шықпайды.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Қазақстандағы кейбір жолдар 20 жыл бойы жөндеу көрмеген
Жол жөндеуде ақша жымқырыла ма? Көлік министрі Қарабаев жауап берді
Жамбылда 7,5 млрд теңгелік жол жобасы тоқтап қалды
«Бұлай болмайды!»: Сатыбалды Алматыдағы құрылыстың тоқтап тұрғанына ашуланды
БҚО-да 200 миллион теңгеге салынған жол қирап жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық