Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
Фото: kk.wikipedia.org
Алматы тұрғыны Threads желісінде желтоқсан оқиғасына қатысқандарға және жалпы Қазақстанға қатысты өрескел қорлайтын сөздер жариялап, салдарынан қызметінен айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Желтоқсан туралы жарияланым астындағы пікірлерде әйел қатысушыларды «ақымақ», «мамбет», «ауылдан келгендер» деп атаған.
Сонымен қатар бұл «ұстаз» депутат Жанбыршиннің жазбасының астына да оны қорлайтын сөздер жазған. Бұл жазбалар желіде тез тарап, қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Бұған ыза болған қазақстандықтар жаппай мемлекеттік органдарға жүгініп, әйелдің сөздерін Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша тексеруді талап етті.
Ақылды «ұстаздың» жазбасы желіде жарияланған мына видеоға қатысты еді:
Сонымен қатар, желі қолданушылары оның жұмыс істеген компаниясына да теріс пікірлер қалдыра бастады. Соның салдарынан ұйымның 2GIS-тегі рейтингі бір тәуліктің ішінде күрт төмендеп кеткен.
Нәтижесінде әйел жұмыстан шығарылды, ал полиция әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме бере қойған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың біржолғы төлемдері көбейді
- Ұмытпаймыз, кешірмейміз: Алматыда Тәуелсіздік күні қалай өтті
- Желтоқсан құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорым суға батуда
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық