Желтоқсан құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорым суға батуда
Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылындағы қорымды су шайып жатыр. Зираттардың көбі бүлініп, топырағы опырылып ортасына түскен.
Тіпті кейбірінің ақымы үңірейіп, бейіт басында сүйектер шашылып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ауыл тұрғындары зираттарды сақтап қалу үшін ағашпен қалқалап әуре. Кейбірі ақша жинап, бөгет те тұрғызған. Бірақ, ол тасқын селге шыдас бермепті. Амалы таусылған тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрауда.
— Бейітке 30 метр жақын жерде канал бар, соған жазда су келеді. Су шетінен шайып, каналды құлатып бітті. Тауға жауын қатты жауғанда сел басады да, су арнаға сыймай, бейіттің ішін аралап кетіп жатыр, – дейді Ақжазық ауылының тұрғыны Ердос Бердаев.
Ақжазық ауылының әкімі тұрғындар көтерген мәселені растағанымен, өз бетінше қорымды сақтап қалу қолынан келмейтінін мойындады.
— 500 миллион ба, 1 миллиард па – көп қаражат керек. Үлкен бөгет жасамаса, келешекте бейітті су шайып кетеді. Бұл жерде ата-балаларымыз жатыр, – дейді Көктал ауылдық округінің әкімі Бақыт Нұрелов.
Бұл зиратта 1986 жылы желтоқсан оқиғасының құрбаны Ләззат Асанова да жерленген. Әзірге оның бейіті аман. Алайда, тез арада ауыл әкімі айтқан бөгет жасалмаса, Ақжазық ауылындағы зираттар түгел жойылып кетуі мүмкін.
Бұл мәселені Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа да жеткіздік. Өңір басшысы жағдайды назарға алуға уәде етті, деп хабарлады арна тілшілері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық