Ұмытпаймыз, кешірмейміз: Алматыда Тәуелсіздік күні қалай өтті
Сурет: Orda.kz.
1986 жылғы Желтоқсан мен 2022 жылғы Қаңтардағы қайғылы оқиғалардың шымылдығына айналған Алматыдағы Республика алаңы 16 желтоқсан күні таңертең жартылай бос болды. Әкімдік өкілдері гүл шоқтарын қойып, белсенділер алаң бойымен қалай жүріп өткені туралы – Orda.kz репортажында.
Дәстүрлі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі таңертең ерте басталды. Алаңды полицейлер қоршап, Сәтбаев көшесінің бойындағы шара өтетін жердегі көлік қозғалысын бөгеп тастады.

Сағат 9:30-ға қарай оңтүстік астананың бас алаңына 100-ге жуық адам жиналды. Олардың ішінде: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер мен әкімдік қызметкерлері бар.
Алаңға кейінірек қала әкімі Ерболат Досаев келді. Әкім барлығымен қол алысып, гүл шоқтарын қойды. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, Ұлттық ұланның оркестрі әнұранның бір шумағын орындады. Салтанатты бөлім аяқтала салысымен Досаев алаңнан асығыс кетіп қалды.

Ресми бөлімнен кейін шағын саяси топ өкілдері алаңға ағыла бастады.
Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі, журналист Әсем Жәпішева екі жақты плакатпен жалғыз пикетке шықты: бір жағында «1986 Ұмытылмас 2011» деген ұран, екінші жағында Қаңтар оқиғасы кезінде осы алаңда оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның суреті.

Бір ай бұрын, 15 қарашада оның қазасына кінәлі деген күдікке ілінген әскери қызметкер Арман Жұманды Алматы гарнизонының әскери соты ақтап шықты.
Әсем Жәпішеваның айтуынша, оның акциясы елдегі тарихи наразылықтар мен Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан балаларға арналған.

«Желтоқсан айы қазақстандықтар үшін қиын ай. 1986 және 2011 жылдардағы оқиғалар бәріміздің есімізде. Қаңтар да 30 жылдық әділетсіздіктің салдары. Менің акциям Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жеті балаға арналады. Бұл балалардың өлімі үшін әлі ешкім жауапқа тартылған жоқ. Мені алып кеткенше осында тұрамын», – деді Жәпішева.
Белсенді Orda.kz тілшісіне өзі және басқа да қозғалыс белсенділерін таңертеңнен бері үйлерінің кіреберістерінің жанында тәртіп сақшылары күзетіп тұрғанын айтты. Бірақ ол бәрібір алаңға шыға алды.
Жәпішеваға әкімдік пен прокуратура қызметкерлері келді. Олар журналистің әрекетін заңсыз деп атап, одан кетуді өтінді. Журналист оның бейбіт жиын өткізу құқығына Конституциямен кепілдік берілгенін айтып, кетуден бас тартты.

Кейін Жәпішеваның пикетіне басқа белсенділер де қосылды.
Жанболат Мамайдың тіркелмеген демократиялық партиясының жақтастары шеруді сағат 12:00-де бастады. Олар құрбан болғандардың рухына Құран мен дұға бағыштап, мәлімдеме жасады.
«Егер Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғалары туралы ақпарат Қазақстан халқына ашық болса, кешегі Қаңтар оқиғасы болмас еді. Қаншама адам азапталып, өлтірілді, ал бұл істер тергеліп жатыр ма? Қаңтар кезіндегі адамдардың өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеміз. Сондай-ақ белсенділерді саяси қудалауды тоқтату керек», - деді белсендісі Аружан Дүйсебаева.
Осы кезде Тәуелсіздік монументінің жанында 60-қа жуық адам болды. Әкімдік өкілдері акцияны заңсыз деп атап, алаңға жиналғандардың тарап кетуін тағы да талап етті. Бір топ белсенді жауап ретінде: «Кешірмейміз, ұмытпаймыз!», «Саяси тұтқындарға бостандық!» деп айғайлады.
Кейінірек Oyan, Qazaqstan мүшелері Қаңтар құрбандарына арналған мемориалға барды. Жол бойы олар қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жеті баланың есімдерін ұрандатты.
Тағзым ескерткішіне жеткен белсенділер мемориалдың алдыңғы жағына қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен сотталғандардың суреттерін жапсырды.

Бірақ 12:30-да ескерткіш қабырғаларындағы баннерлер мен суреттер көзден ғайып болды.

Осы уақытта белсенділер өз сөздерін аяқтап, алаңда тек тәртіп сақшылары ғана қалды. Қызыл раушан гүлдерімен көмкерілген Тәуелсіздік монументі жанында ешкім қалмады.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді