«Жасанды Күн»: Қытай әлемдегі ең ірі термоядролық магнит жасады
Фото: Қытай ғылым академиясының Плазма физикасы институты
Қытай ғалымдары термоядролық реакторға арналған әлемдегі ең ірі асаөткізгіш магнит жасап, оны сынақтан өткізіп те болды. Бұл құрылғы басқарылатын термоядролық синтез арқылы энергия алуға жақындататын «жасанды Күн» жобасының негізгі элементтерінің бірі болмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа тороидты асаөткізгіш магниттің ұзындығы 21 метр, ені 12 метр, салмағы 582 тонна. Қытайлық зерттеушілердің мәліметінше, бұл — термоядролық қондырғылар үшін бұрын-соңды жасалған осындай типтегі ең ірі магнит.
Магнит реактор ішіндегі аса ыстық плазманы қуатты магнит өрісі арқылы ұстап тұруға арналған. Мұндай қондырғыларда плазманың температурасы шамамен 100 миллион градусқа дейін жетуі мүмкін, сондықтан оны камера қабырғаларымен жанаспайтындай етіп ұстап тұру қажет.
«Ол вакуумдық камераның ішінде отты шарды ұстап тұратын көрінбейтін әрі өте берік магниттік тор сияқты жұмыс істейді», — деп түсіндірді Қытай ғылым академиясының Плазма физикасы институты зерттеушісі.
Қытайда бұл магнитті әзірлеу барысында шетелдік технологиялардан толықтай бас тартылғаны айтылды. Мамандар асаөткізгіш компоненттерден бастап арнайы қорытпалар мен жабдықты қорғау жүйелеріне дейінгі барлық материалдар мен өндіріс технологияларын өздері жасаған.
Жоба бойынша жұмыстар шамамен алты жылға созылыпты. Осы уақыт ішінде қытайлық мамандар 47 патент алып, 25 салалық стандарт әзірлеген.
Қытайдың термоядролық энергетиканы дамыту жол картасына сәйкес, «жанып тұрған плазмасы» бар тәжірибелік токамак құрылысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал термоядролық синтез арқылы энергия алу шамамен 2030 жылға жоспарланып отыр.
Ғалымдар магнитті жасау тек бір кезең ғана екенін атап өтеді. Алда толыққанды реакторды құрастыру және жабдықтарды ұзақ мерзімді сынақтан өткізу міндеті тұр.
Дегенмен, мамандардың пікірінше, мұндай технологиялық жетістіктер сарқылмайтын таза энергия көзіне қол жеткізуді жақындата түседі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық