Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
Фото: instagram.com/military_police_kz
Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен өз еркімен кетіп қалған мерзімді әскери қызметші ұсталды. Ол облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір әскери қызметші әскери полиция бөліміне жеткізілген. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
«Оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлімнен өз еркімен кетуіне үйін сағынғандығы себеп болған» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ қызметтік тексеру барысында әскери қызметші командирлер мен бірге қызмет атқарған сарбаздар тарапынан әлімжеттік немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері болмағанын айтқан.
Еске салайық, бұған дейін 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында 2004 жылы туған қатардағы жауынгер Мархан Айқын Ерланұлы әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған болатын.
Ол зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекші міндетін атқарған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық