Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
Фото: gov.kz
Алматы облысында заңды ойын бизнесі саласы өңір экономикасына елеулі үлес қосып отыр. Жыл басынан бергі алты ай ішінде осы сала субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық түскен, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның 10,6 млрд теңгесі жергілікті, яғни өңірлік бюджетке бағытталған.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы екі жарым жыл ішінде ойын бизнесінен мемлекеттік бюджетке жалпы 184,7 млрд теңге көлемінде салық түскен. Оның ішінде 53,8 млрд теңге өңірлік бюджет кірісіне аударылған. Бұл көрсеткіштер саланың тұрақты түрде дамып келе жатқанын және оның экономикалық маңызын айқындайды.
Қазіргі таңда Қонаев қаласында ойын бизнесі саласында 21 нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Бұл салада шамамен 2,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ойын бизнесі тек салық түсімдері арқылы ғана емес, туризм саласына да оң әсерін тигізуде. Алматы облысы Туризм басқармасының дерегіне сүйенсек, өңірдегі казиноларға келушілердің шамамен 20 пайызы – шетел азаматтары.
Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мейрамбекұлының айтуынша, Қонаев қаласына келген әрбір турист қонақүйлерге орналасып, қоғамдық тамақтану орындарын пайдаланып, көлік, сауда және басқа да қызмет түрлеріне жүгінеді.
Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті экономиканың жандануына ықпал етеді. Соның нәтижесінде туристік ағынның артуы қызмет көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізіп отыр.
Сонымен қатар, қолданыстағы «Ойын бизнесі туралы» заң аясында Талғар ауданында тек шетел азаматтарына арналған жаңа ойын аймағын құру жоспарланып отыр. Бұл бастама қоғамдық кеңесте қаралып, оң қорытынды алған.
Жобаны Талғар ауданында жүзеге асыру ұсынысы өңірдің туристік әлеуетімен байланысты. Аудан Алматы қаласы мен халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Бұған қоса, мұнда тау туризмі, сауықтыру және демалыс бағытындағы ірі нысандар шоғырланған.
Атап айтқанда, Талғар ауданында «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені, «Oi-Qaragai» тау-шаңғы курорты, Aquaasia Resort және Tal Resort демалыс кешені сияқты танымал туристік орындар бар. Осыған байланысты жаңа ойын аймағын өңірдің туристік экожүйесінің бір бөлігі ретінде дамыту көзделіп отыр. Бұл туристерге ұсынылатын қызмет түрлерін әртараптандырып, сервистік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану, көлік, сауда және басқа да қызмет көрсету салаларына қосымша серпін беріледі. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестициялар тартылып, бюджет кірісін ұлғайтуға мүмкіндік жасалады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық