Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
Фото: әлеуметтік желі
Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Ықтимал цунами туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Билік Иватэ, Аомори және Хоккайдо префектуралары үшін биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін цунами қаупі бар екенін хабарлады.
Жер сілкінісі Жапонияның сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша «жоғарғы 5 деңгей» деп бағаланды. Бұл деңгейде адамдардың қозғалысы айтарлықтай қиындап, ғимараттарға зақым келуі, соның ішінде арматураланбаған бетон қабырғалардың құлауы мүмкін.
Нәтижесінде Жапонияның метеорологиялық қызметі 3 метрге дейін жетуі мүмкін толқындар туралы ескертті. Кейбір жағалау аймақтарында алғашқы шағын толқындар (шамамен 40–80 см) тіркелген. Тұрғындарға теңіз жағасынан шұғыл түрде кетіп, биік жерлерге бару тапсырылған. Мыңдаған адам эвакуацияланып жатыр, өйткені цунами толқындары бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Кейбір аймақтарда, әсіресе Аоморида да жоғары жылдамдықтағы пойыздар уақытша тоқтатылды. Қауіпсіздік үшін порттарда кемелер ашық теңізге шығарыла бастаған. Үкімет төтенше штаб құрып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық