Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып қаза тапты
Фото: instagram.com/112qostana
Қостанай облысында Тобыл өзенінен ер адамның және кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар әкесі мен қызы болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға Нечаевка ауылының маңында болған. Іздеу жұмыстары екі күнге созылды. Бірінші күні сүңгуірлер қыздың денесін тауып, судан алып шыққан. Ер адамды іздеу жұмыстары келесі күні жалғасты.
«Сүңгуірлердің іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қаза болған кісінің денесі де табылып, судан шығарылды», деп хабарлады Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Іздеу операциясы барысында құтқарушылар Тобыл өзені жағалауындағы шамамен 2,5 шаршы шақырым аумақты тексерді. Ұшқышсыз ұшу аппараты көмегімен 12 гектардан астам аумақ зерттеліп, сүңгуірлер өзен түбінің 39 мың шаршы метрін тексерген.
Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар да тартылды.
Марқұмдардың денелері табылғаннан кейін іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық