Жаңаөзен тұрғындарының ауызсу мәселесі шешіледі: Кендірлідегі теңіз суын тұщытатын зауыттың құрылысы аяқталып қалды
Фото: ҚМГ баспасөз қызметі
Кендірлідегі теңіз суын тұщытатын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Orda.kz «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрылыс-монтаж және іске қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2025 жылғы мамыр айының соңына жоспарланған» деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша негізгі жұмыстар аяқталған. Атап айтқанда, 40 шақырым автожол, сорғы станциясы, екі қосалқы станция салынды, 201 шақырым магистральдық су құбырының құбырлары төселді, 80,1 шақырым әуе электр желілерінің тіректері орнатылып, сымдары тартылды, 48,1 шақырым газ құбыры салынды. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру және сыртқы құбыр желілерін жылу оқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын.
Зауыт аумағында әкімшілік-тұрмыстық аймақ пен теңіз суын тұщытатын цех ғимараттарының монтажы аяқталған.
«Негізгі технологиялық жабдықтар жеткізілді және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар салынды: жөндеу-механикалық цех, гараж, қоймалар, зертхана, реагент шаруашылығы, өрт сөндіру бекеті мен қазандық» деп жазылған хабарламада.
Жоба аясындағы теңіз бөлігінде де барлық дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, екі Ø800 мм тұзды суды төгу құбыры 817 метр бойында бетон салмақтағыштармен теңіз түбіндегі орға орналастырылған. Сондай-ақ, екі Ø1400 мм су қабылдау құбырының 730 метрі дәнекерленіп, бетон салмақтағыштармен жабдықталған, олардың бірі теңіз түбіне төселген.
Жалпы алғанда, негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау мен аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында.
«Күніне 50 мың текше метр қуаттылықтағы жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын ауызсумен тұрақты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл нысан «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырына түсетін жүктемені азайтып, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға ықпал етеді» деп жазылған хабарламада.
Сәуір айында Орда шенеуніктердің Жаңаөзендегі ауыз су мен маман тапшылығын мойындап отырғаны туралы жазған болатын.
Жалпы ауызсу мәселесінің Маңғыстау облысында көптен шешілмей келе жатқаны жасырын емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық