Маңғыстауда ауыз су мәселесі шешіле ме?
Фото: Ашық дереккөзден
Бірақ тапшылықты 7 есеге азайтуға болатынын Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түрікменбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Оның сөзінше, жазда су тапшылығын азайту үшін тәулігіне 77 мың текше метрден 11 мың текше метрге дейін төмендету жоспарланған. Мұны Сайын Шапағатов, Баянды, Ақшұқыр, Кендірлі ауылдарында, сондай-ақ Ақтау, Форт-Шевченко қалалары мен Қаражанбас кен орнында "Астрахань-Маңғышлақ" су құбыры мен Маңғыстау энергокомбинаты есебінен су тұщыту қондырғыларының өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асыру қолға алынбақ.
«2025 жылға дейін қуаттылығы 286 мың текше метр болатын 9 жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жоспарлануда. Алғашқы жобалардың бірі - "Қаражанбас" кен орнында қуаттылығы тәулігіне 17 000 текше метр суды тұщыландыру зауыты жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін кәсіпорын «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырынан су алды. Енді зауыт толық іске қосылғаннан кейін босатылған 17 мың текше метр су Жаңаөзен, Жетібай, Ақшымырау, Мұнайшы, Тұщықұдық, Қызан, Бейнеу ауылдары және басқа да елді мекендер тұрғындарының мұқтаждықтарына бағытталатын болады», - дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
«Ал, Маңғыстау облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин: «Өңірде ауыз суға сараланған тарифті енгізу халық арасында төлем жасау бойынша қиындықтар туғызбайды. Бұл мемлекеттің субсидия беруіне байланысты шешіледі. - 2023 жылы облыстың 46 елді мекенінде 431 мыңнан астам тұрғын ауыз суды субсидиялаумен қамтылды. Тұтынылған ауыз судың 1 текше метріне тұрғындар 70-80 теңге төледі, ал қалған айырма бюджеттен субсидияланды», - деп атап өтті.
Оның сөзінше, биыл қосымша 10 елді мекенді субсидиямен қамту жоспарлануда. Осылайша, 434,7 мың тұрғынды қамтитын 56 елді мекен субсидияланатын болады.
Су тапшылығын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты «МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахымов та ұсынды.
«Каспий теңізінің деңгейі төмендеген кезде теңіз суының тұрақты берілуін қолдау үшін ЖЭО-1 су жинау каналының өткізу қабілетін арттыру бойынша жобалар әзірленуде. Қазіргі уақытта бұл арнадағы су деңгейі 1,5-2 метрді құрайды. Бұл көрсеткіш жарты мертрге дейін азайып кетті. ЖЭО ғана емес, басқа да нысандарға су жеткізуге кесірін тигізуде. Қазір МАЭК-те екі метрге дейінгі белгіге жету мақсатында негізінен арна түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Тазарту үшін өзіміздің инновациялық дамуымызбен жер снарядын қолданатынымызды атап өткім келеді. Біздің мамандар «шаңсорғыш» режимін оңтайландырды, бұл үздіксіз тазалауға және «Каспий» тұщыландыру зауыты үшін қиындықтар туғызбауға мүмкіндік береді», - деді Қайрат Рахымов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық