Жамбыл облысында лауазымын пайдаланып, ірі алаяқтық жасаған екі бұрынғы полицей сотталды
Фото: jasqazaq.kz
Өңірлік полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Жайдарбек Құттыбаев пен Талас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Еркен Абаевқа қатысты сот үкімі шықты. Жәбірленуші ретінде бұрынғы полиция қызметкері Дархан Уәлиев танылды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Құттыбаевқа алты жыл, ал Абаевқа бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сот бұл ұсыныспен келісіп, оған қоса мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салды.
Жайдарбек Құттыбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1) және 2) тармақтары («Ірі мөлшерде жасалған, лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылды.
Еркен Абаев Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі («Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері») және 367-бабының 2-бөлігі («Елеулі мөлшерде пара беру») бойынша айыпты деп танылды.
Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында, бақылау және қадағалау құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан айырылды.
Еске салайық, алғаш болып полиция департаментінде кадр жұмысына жауапты болған Жайдарбек Құттыбаев ұсталған. Кейін осы іс бойынша Еркен Абаев қамауға алынды, ол біраз уақыт іздеуде болған.
Ұсталғандардан кейін облыстық полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев та қызметінен босатылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық