Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
Фото: Elements.envato.com
Жамбыл облысының Шу қаласында аурухананың үш қызметкері кәріз құдығына түсіп, газға уланды. Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды, ал біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға Шу қаласындағы медициналық мекемелердің бірінің аумағында болған екен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдымен кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник құдық ішінде тұншығып, көмекке шақырған. Оның дауысын естіген зертхана қызметкері әріптесін құтқару үшін тереңдігі шамамен үш метр болатын кәріз құдығына түскен. Алайда ол да газға уланып, есінен танып қалған. Кейін екі әріптесін құтқармақ болған үшінші қызметкер де құдыққа түсіп, сыртқа шыға алмай қалған.
Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Ал алғашқы болып құдыққа түскен сантехник аман қалып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған дәрігерлер қажетті көмек көрсетіп жатыр.
Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарының сақталуы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық