«Жалған сертификат сатып алды»: Ақтөбеде 800-ге жуық мұғалімді ҰҚК тексереді
Ақтөбедегі «U-STUDY» тестілеу орталығы арқылы біліктілік санатын арттыруды оңды-солды саудаға салғандар қылмыстық жауапқа тартылды.
Ақшаға сатылған сертификатқа мұғалімдер ғана емес, директорлар да қызыққан. Өңірде білім саласы қызметкерлері ҰҚК-нің бақылауына алынды.
Ақтөбе облысы бойынша 800-ге жуық білім саласының қызметкері күдіктілер тізімінде тұр. Оларға жалған сертификат сатып алған болуы мүмкін деген дерек бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Былықтар «U-STUDY» тестілеу орталығына жүргізілген тексеріс кезінде белгілі болды. Пайдакүнемдікке салынғандар біліктілік арттыру туралы сертификат сатқан. Қысмыстық іс бойынша төрт адам жауапқа тартылды. Сот төрт бірдей адамға қатысты коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын 3-5 жылға дейін басқару құқығынан айырып, 3-7 миллионға дейін айыппұл салды.
Жалған сертификат алған күдіктілер тізімде мұғалімдерден бөлек бірнеше мектеп директоры да бар. Біліктіліктілігін арттыру үшін түрлі қулыққа барған ұстаздар әрекетінен білім басқармасы да хабардар.
«Тізім бойынша 885 адам бар. 800-ге жуық Ақтөбенің адамы. Олар 2021-2022 жылдары аралығында тест тапсырған. Тестілеуден өтпеген, тізімде жүрген адамдар да бар. Сондықтан тізім қайта нақтыланып жатыр. Ол жерде мұғалім де, мектеп директоры да бар. Заң бұзушылықтар біліктілікті арттыруға қатысты тест алатын жеке серіктестікке тергеу жүргізу кезінде анықталды. Бұл жөнінде әлі толық айта алмаймыз. ҚР ҰҚК тарапынан тізім келді. Бұл сол жеке серіктестікке қарасты қозғалған іс. Тізім әлі нақтыланбаған. Өйткені ол тізімде тестілеуден мүлдем өтпеген адамдардың аты-жөні жүр. Сондықтан да қазіргі таңда ҰҚК-не қайта тізім беруді, нақтылауды сұрадық» ,- деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
Қазіргі уақытта тест жауаптарын сатып алды деген күдікке ілінгендерге қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің облыстық департаментіне, прокуратураға құқықтық баға беруге хат жолданған.
«Ол педагогтерге қандай шара қолдануға болатынын сұрап отырмыз. Білім саласындағы педагогтердің біліктілігін бағалаудың ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйырығы бар. Бұйрыққа сәйкес ереже бұзған немесе тыйым салынған заттарды қолдану деген бар. Осы сияқты ереже бұзушылық анықталған жағдайда екі шара қолдануға болады. Біріншісі педагогтардың санатын педагог деген біліктілік санатына дейін төмендету, екіншіден, бес жылға дейін қайтадан біліктілік санатын көтеруге тыйым салу. Тізім нақтыланғаннан кейін білім басқармасы тарапынан осы екі шара қолданылады»,- деді Бертілеуова.
Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, педагогтардың біліктілігін бағалау процесін білім басқармасы бақыламайды. Дауға айналған тестілеу жеке серіктестік пен ҚР Оқу-ағарту министрлігі арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүргізілген.
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды