Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
Фото: Айқын
Қазақстанда ветеринария саласын 2030 жылға дейін дамыту жоспары бекітілді. Құжатта ветеринарлық ұйым қызметкерлері жалақысын арттыру көзделген, деп хабарлайды Orda.kz үкіметке сілтеме жасап.
Үкіметтің мәліметінше, 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары қабылданған. Оның негізгі басымдықтары – жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу, ветеринар мамандардың еңбекақысын көтеру, ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және басқа да бағыттар.
«2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімдері мен ведомстволық ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 80%-ға жаңартылып, толықтырылады. Ал жергілікті атқарушы органдарға қарасты ветеринариялық ұйым қызметкерлерінің еңбекақы қоры 1,5-тен 2,5 есеге дейін өседі» деп атап өтті үкімет.
Сондай-ақ Қазақстан аумағын жануарларды аса қауіпті аурулардан қорғау, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және ішкі нарықты техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау мақсатында шекара маңында 67 ветеринарлық бақылау бекеті жұмыс істейді.
Цифрландыру аясында «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне деректерді автоматты түрде жинау және беру үшін жаңа функциялар әзірленіп, енгізілді. Бұл жүйе бастапқы әрі сенімді мәліметтерді негізгі ақпараттық жүйелерге тікелей жіберуге мүмкіндік береді.
«Фермадан дастарқанға дейін» қағидаты бойынша мал шаруашылығы өнімдерін қадағалауды қамтамасыз ету үшін «Ветеринарлық-санитарлық сараптама» модулі іске асырылып жатыр. Оған сою пункттері, ішкі сауда нысандары мен зертханалар қосылған. Қоғамдық тамақтану орындарын кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, цифрландыру және автоматтандыру бағытындағы жұмыстар кешенді жоспар аясында жалғасады.
Сонымен қатар бұл жоспарды іске асыру зертханалық базаны күшейтуге, аккредитация салаларын кеңейтуге, елге әкелінетін және ішкі нарықта сатылатын бақылаудағы жүктің мемлекеттік бақылауын арттыруға, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтугеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық