Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
Алматы облысы прокуратурасы «Айқын нәтиже» жобасын іске асыру мақсатында мейрам және демалыс күндері ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Негізгі назар қоғамдық орындарға, ойын-сауық мекемелеріне, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аударылған.
Рейд нәтижесінде 800-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталыпты, атап айтсақ:
- 10 алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сату;
- 83 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас болып жүру;
- 66 кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуы;
- 12 көлік құралын мас кезде басқару;
- 292 құжатсыз немесе көлік құралын басқару құқығынсыз басқару фактісі.
Компьютерлік клубтардың бірінде түнгі сағат 12-ден кейін 9 жастағы баланың ересектердің қарауынсыз болғанын ведомство ерекше алаңдаушылық тудырған жағдай ретінде атады. Мұндай фактілер тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар ересектер бақылауының жеткіліксіздігін көрсетеді және балалар мен айналасындағыларға нақты қауіп төндіреді.
Тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруі, алкогольді шамадан тыс тұтыну және құқықбұзушылықтарға немқұрайлы қарау көбіне ауыр қылмыстар мен қайғылы жағдайлардың алғышартына айналады.
Облыс прокуратурасы ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге, олардың араласатын ортасын білуге, қайда жүргенін бақылауда ұстауға және болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға шақырады.
Еске салсақ, ҚР ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық