Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
Фото: ТЖМ
Қарағанды облысында жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысында өрт шықты. Оқиға салдарынан бір нысанның жабындысы опырылып түсіп, өрт сөндірушілер газ болландары жарылуының алдын алды, деп хабарлайды Orda.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, өрт Қарағанды облысындағы Новодолинский кентінде болған. Жеке тұрғын үй және оған жапсарлас салынған үш шаруашылық құрылысы жанған.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жеткен. Алғашқы бөлімдер келген кезде үй ішінде ағаш конструкциялар, жиһаздар мен тұрмыстық заттар ашық өртке оранған.
Сондай-ақ шаруашылық құрылыстарының бірінің жабындысы 15 шаршы метр аумақта опырылып түскен.
«Өртті сөндіру барысында ашық жалынға, қою түтінге және жоғары қауіпке қарамастан құтқарушылар 27 литрлік 8 газ баллонын өрт ошағынан жедел шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды», деп хабарлады ТЖМ.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық