Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
Фото: gov.kz
ҰБТ-дан 140 балл жинаған талапкерлер көбейіп кетіп, көпшілік бұндай «білімге» күмәнмен қарай бастады, тексеріс жүргізілсін деп жатқандар да бар. Дәл осындай пікірді бұрынғы білім министрі, депутат Асхат Аймағамбетов те айтқан болатын. Ұлттық тестілеу орталығы осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тіпті соңғы уақытта ең жоғары балл жинаған түлектердің көбейіп кеткені мәжілісмендерді де алаңдатқан. Айта кетейік, кейбір орталықтар жоғары нәтиже көрсеткендерге пәтер, көлік немесе миллиондаған сыйақыға уәде берді. Сонымен қатар, осындай орталықтарда дайындалған оқушылардың ҰБТ-дан 140 балл жинады деген ақпарат жиі тарауда.
Алайда тестілеу орталығының дерегінше, ел бойынша әзірге ең жоғары нәтижені тек бір ғана түлек ресми түрде көрсеткен.
Сонымен қатар, мәжілісмендер соңғы жылдары ең жоғары балл жинайтындардың тым көбейіп бара жатқанына назар аударып, академиялық адалдық мәселесі өзекті болып отырғанын айтады.
«Мені біраз алаңдататыны – ең жоғары балл жинайтындар өте көп сияқты көрінеді. Мүмкін олай емес шығар, мен нақты зерттеген жоқпын. Бұрын шекті балл алған әрбір талапкер бойынша міндетті түрде қосымша талдау жүргізетінбіз. Мұндай тексеріс қайта жасалады деп үміттенемін, өйткені академиялық адалдықты қамтамасыз ету өте маңызды», – деген болатын бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов.
Ұлттық тестілеу орталығының түсіндіруінше, 140 балл жинағандарды арнайы бөлек тексеру жүргізілмейді, себебі барлық талапкерлер еш ерекшеліксіз бақылаудан өтеді. Кіру кезінде металл іздегіштер қолданылады, аудиторияда түлектердің барлық әрекетін тіркейтін бейнекамералар орнатылған.
ҰБТ тапсыру барысындағы бейнежазбалар бірнеше ай бойы тестілеу орталығы серверлерінде сақталады. Сонымен қатар, қызметкерлер 31 қазанға дейін оларды қайта қарап, ықтимал заңбұзушылықтарды анықтайды.
«Барлық талапкерлер тексеріледі. Біз 140 балл немесе 130 балл деп бөлмейміз, ҰБТ тапсырғандардың бәрі бақылаудан өтеді. ҰБТ- ға дайындайтын орталықтардың Ұлттық тестілеу орталығының тест базасына қол жеткізу мүмкіндігі жоқ. Тест тапсырмаларын әзірлеуге тартылған барлық мамандар бізбен құпиялылық туралы келісімге қол қояды», – деді Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова.
ҰБТ-ның негізгі кезеңі 10 шілдеге дейін жалғасады. Биыл емтихан форматы өзгерген жоқ, үш міндетті пән және таңдауға екі бейіндік пән. 2026 жылы 200 мыңнан астам талапкер 75 мың грантқа үміткер.
Еске салайық, бұған дейін Асхат Аймағамбетов түлектер кеші «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналғанын айтқан еді. Ол сол кезде де оқу-ағарту министрлігінің мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да коммерциялық орындарда өткізуге тыйым салу туралы ұстанымына пікір білдірді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады