Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
Фото: Ашық дереккөзден
Украина президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясы, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктерімен ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) өндіру жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz DW-ге сілтеме жасап.
DW мәліметінше, Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Украина Таяу Шығыстың үш елі – Сауд Арабиясы, Қатар және БАӘ-мен бірлесіп дрондар өндіру және оларға қарсы жүйелер құру туралы келісімге келген.
Оның айтуынша, бұл келісімдер Украинадағы мемлекеттік және жекеменшік секторлармен жасалатын түрлі келісімшарттар арқылы жүзеге асырылады.
«Украина өз тәжірибесімен бөлісуге, оқыту жүргізуге және әртүрлі әскери техникаларды бір жүйеге біріктіруге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Таяу Шығыс елдерімен бірлесіп дрондар өндіру туралы сөз болып отыр», – деді Владимир Зеленский.
Ол сондай-ақ Киев осындай келісімдерді Вашингтонмен де жасай алатынын атап өтті.
«Менің ойымша, мұның барлығын АҚШ-пен де бөлісу керек. Егер біз бұған қол жеткізсек, мен мақтанатын боламын, өйткені біз АҚШ-тың қолдауына өте ризамыз», – деді Украина президенті.
Еске салсақ, «Дружба» мұнай құбырының жұмысы қалпына келгеннен кейін Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін және Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие бөлуді мақұлдады. Брюссель бұл қаржыны Киевке беру туралы шешімді өткен жылдың желтоқсанында қабылдағанымен, оны жүзеге асыруды Венгрия бұғаттап келген.
Оқи отырыңыз:
- Еуроодақ Украинаға 90 миллиард еуро несие беретін болды
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық