Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
Фото: Ашық дереккөзден
Украина билігі Каменское қаласында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған барельефті алып тастауға негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ескерткішті алып тастау бастамасын қазақстандық белсенді Тұрарбек Құсайынов көтерген болатын. Ол Назарбаевтың кеңестік жүйеге қатысын мен Владимир Путинмен қарым-қатынасын алға тартты
Алайда Украинаның Ұлттық жад институты басқа қорытындыға келді. Институт басшысы Александр Алфёров барельефте тыйым салынған символика жоқ екенін және оның декоммунизация мен «ресейлік империялық саясат» туралы заңдарға жатпайтынын мәлімдеді.
Барельеф Каменское қаласындағы (бұрынғы Днепродзержинск) Назарбаев 1958–1960 жылдары оқыған училище ғимаратының қасбетінде орналасқан. Ол 2005 жылы орнатылған.
Украина билігі Днепропетровск облысындағы Каменское қаласында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа орнатылған барельефті демонтаждаудан бас тартты. Бұл туралы «Украина – Орталық Азия» жобасының авторы, журналист Григорий Пырлик хабарлады.
«Украина билігі Каменское қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефін алып тастау туралы белсендінің ұсынысына жауап берді. Днепропетровск облысының Каменское қаласындағы оқу орнының ғимаратына орнатылған Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефі коммунистік тоталитарлық режим мен ресейлік империялық саясат символикасына тыйым салу туралы заңнамаға қайшы келмейді. Мұндай қорытындыны Украинаның Ұлттық жады институты шығарды», – деді Пырлик.
Оның айтуынша, ескерткішті алып тастауды қазақстандық белсенді, «Демос» қоғамдық ұйымының жетекшісі Тұрарбек Құсайынов ұсынған. Ол Каменское қалалық кеңесіне сұраныс жолдап, Назарбаевтың КСРО кезеңінде Коммунистік партия мен мемлекеттік басқару органдарында жетекші қызметтер атқарғанын еске салған.
«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті бола отырып, Назарбаев елдің Ресейге тәуелділігінің күшеюіне ықпал етті. Тіпті барлық лауазымдарынан кеткеннен кейін де ол Украинаға қарсы соғыс бастаған елдің көшбасшысы – Ресей президенті Владимир Путинмен мезгіл-мезгіл кездесіп тұрады», – деп нақтылады журналист.
Оның сөзінше, Каменское қалалық кеңесі Құсайыновтың өтінішін алғаннан кейін, Назарбаевтың тұлғасына баға беру үшін Украинаның Ұлттық жады институтына жүгінген.
«2026 жылғы 15 сәуірде Құсайынов қалалық кеңестен хат алды, оған Украинаның Ұлттық жады институтының басшысы Александр Алферовтың жауабы қоса тіркелген. Екі құжат та «Украина – Орталық Азия» жобасының қарауында бар. Александр Алферов институтта Нұрсұлтан Назарбаевтың ресейлік империялық саясатты жүзеге асыруға немесе насихаттауға қатысқаны туралы мәлімет жоқ екенін жазған. Украина заңнамасы мұндай саясатты украин халқын бағындыруға, қанауға және ассимиляциялауға бағытталған шаралар жүйесі ретінде анықтайды. Сонымен қатар, Назарбаев – Украинаның мемлекеттік наградаларының: 2010 жылғы «Бостандық» ордені және 1997 жылғы І дәрежелі Дана Ярослав князь орденінің иегері» деп жазылған хабарламада.
Институт барельеф Назарбаевқа оқу орнының түлегі және Қазақстан Республикасының президенті ретінде қойылғаны, онда тыйым салынған символика жоқ екені, сондай-ақ қолданыстағы тіл туралы заң талаптарына сай келетіні түсіндірді.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған барельеф коммунистік тоталитарлық режим мен ресейлік империялық саясат символикасына тыйым салу туралы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді. Сондай-ақ украин және қазақ халықтары арасындағы мәдени байланыстар мен достық қарым-қатынастарды бейнелейді.
Оқи отырыңыз:
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Кремльдегі «құпия» шәй: Путин мен Назарбаев жүздесті
- Нұрсұлтан Назарбаев «Алатау» шипажайын 50 миллион долларға сатты
Жаңалықтар
- Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті өтеді
- Атырауда бір отбасын қырып тастаған қанды қылмыс бойынша тергеу аяқталды
- Қазақстанда сайлауға келмегені үшін жауапкершілік енгізіле ме?
- Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды
- Бүгін елімізде Аналар күні мерекесі
- Әскерге көшеден бас салып алып кете беруге бола ма? Заңгер жауабы
- АҚШ-тың Денвер әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында адамды қағып кетті
- Көкшетауда жол талғамайтын көлік жайбарақат кетіп бара жатқан әйелді жаншып өтті
- Талғар ауданында екі оқушы суға батып кетті
- Тарихи жеңіс: Қазақстан Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді
- ДДСҰ басшысы хантавирус өршіген кемені эвакуациялауды жеке бақылайды
- Путин мен Зеленский кездесетін жерді шеше алмай әлек
- Мемлекеттік қызметте 18 қылмыстық іс тіркеліп, жол сапасына қатысты 77 шенеунік жазаланды
- Әзілхан Нұршайықов пен Мәншүк Мәметова: Майдан даласында тоғысқан тағдырлар
- ҚР ҰҚК Өзбекстанмен шекарада адамдардың неге жиналып қалғанын түсіндірді
- «Мәңгілік жадымызда»: 700 мыңнан астам соғыс ардагері туралы мәлімет енгізілді
- Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті
- Қазақстандық партизандардың ұрпақтарына Франция марапаты табысталды
- Сиреп қалған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қандай қамқорлық жасалып жатыр?
- Трамп Ресей мен Украина арасында үш күндік бітім жариялады