Зеленский Путиннің өзінің ашық хатына берген жауабына қанағаттанбады
Фото: ria.ru
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің өзінің ашық хатына берген жауабына пікір білдіріп, Ресей президентінің екіұшты жауабына қанаттанбағанын жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Владимир Зеленский бұл туралы өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, Ресей тарабы тағы да соғысты таңдады, бүгін бәрі осы жауапты естіді. Бұл – әлсіз жауап. Ол соғысты аяқтағысы келмейді. Менің ойымша, бұл жауап әлемдегі көп адамның көңілінен шықпады» деп жазды Зеленский.
Оның айтуынша, Путин ештеңе өзгерткісі келмейді.
«Демек, Ресейдің қаржылық мүмкіндіктері азаюы керек, ал оған қысым күшеюі тиіс. Бізге көмектесіп жатқан баршаға алғыс айтамын! Украинамен бірге болып, шынайы бейбітшілікті қалайтындардың бәріне ризамын» деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский Владимир Путинге жолдаған ашық хатында соғысты тоқтатуға шақырып, қақтығысты талқылау үшін жеке кездесу өткізуді ұсынған болатын.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей көшбасшыларының жеке кездесу өткізу идеясын қолдады.
Кеше Владимир Путин қазіргі жағдайда Зеленскиймен кездесудің мәні жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай кездесу тек нақты келісімдерге қол жеткізілгеннен кейін ғана мүмкін.
«Бізге алты айға немесе үш айға емес, ұзақ мерзімді тарихи перспективаға арналған келісімдер қажет», – деді Путин.
Сондай-ақ Ресей басшысы Зеленскийдің хатынан «дөрекілік» байқағанын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық