Зеленский Киевтің Мәскеумен жаңа келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Владимир Зеленский | AP nuotr
Украина Президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешкі бейнеүндеуінде Киевтің Ресеймен жаңа келіссөздер раундына бастама жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz «Обозревательге» сілтеме жасап.
Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Мәскеуге келесі аптада кездесу өткізуді ұсынған.
«Келіссөз үдерісі қарқынды жүруі тиіс. Атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін бар күшімізді салуымыз қажет. Ресей тарапы шешімдерден қашуды доғаруы керек.
Тұтқындармен алмасу. Балаларды қайтару. Қан төгуді тоқтату және шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін мемлекет басшылары деңгейінде кездесу қажет. Украина осындай кездесуге дайын», — деді Украина басшысы.
Ресей тарапымен кездесу қай жерде және нақты қай күні өткізуді ұсынылғаны әзірге нақты айтылған жоқ. Бұған дейін ресейлік және украин делегациялары арасында бейбіт реттеу мәселелері бойынша келіссөздер 16 мамыр және 2 маусымда Стамбұлда өткен болатын.
Биылғы мамырдың басындағы Ресей мен Украина арасындағы Стамбұлдағы келіссөздер немен аяқталғанын мына жерден оқыңыздар.
Сәуір айының соңында Владимир Путин мен Американың арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуінен кейін Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі мүмкін келісімнің көптеген ережелері келісілгенін мәлімдеді.
Ақпан айында Макрон Украина мәселесі бойынша Парижде Еуроодақтың төтенше саммитін өткізуге шақырды.
Наурызда Эр-Риядта Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша АҚШ пен Ресей делегацияларының жабық кездесуі өтіп, Украина мәселесі Украинасыз талқыланды.
26 сәуірде өтеді деп күтілген Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ватикандағы екінші кездесуі болған жоқ, себебі Трамп мен оның жұбайы Рим Папасы Францискті жерлегеннен кейін тез арада Римден кетіп, АҚШ-қа оралды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық