Макрон Украина мәселесі бойынша Парижде Еуроодақтың төтенше саммитін өткізуге шақырды
Фото: Jamie Squire / Getty Images
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тың Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты соңғы мәлімдемелеріне, сондай-ақ «Трамп тарапынан қойылған сын-қатерлерге» байланысты төтенше ЕО саммитін шақырды, - деп хабарлайды Orda.kz Politico басылымына сілтеме жасап.
Эммануэль Макрон дүйсенбі күні Парижде еуропалық көшбасшыларды төтенше саммитке шақырып жатқанын Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорски Мюнхен қауіпсіздік конференциясында мәлімдеді.
«Президент Макронның біздің көшбасшыларды Парижге шақырғанына өте қуаныштымын», - деді Сикорски.
Ол сонымен қатар еуропалық көшбасшылардан АҚШ президенті Дональд Трамп қойған қиындықтарды «өте байыпты» талқылауды күтетінін айтты.
«Президент Трамптың ресейліктер «соғыс арқылы барлау» деп атайтын әдісі бар: аллдымен қысым жасайды, не болатынын байқайды, содан кейін бірден позициясын өзгертіп... әрекетке көшеді», - деді поляк министрі.
Кездесуге ЕО-ның барлық көшбасшылары қатыса ма, әлде шағын ғана елдер тобы қатыса ма, сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер сияқты басқа еуропалық көшбасшылар шақырыла ма, әзірге белгісіз, деп жазады басылым.
Мюнхенде Сикорскимен бір топта болған Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро төтенше саммитті растамады да, жоққа да шығармады.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский еуропалық әскер құруға шақырып, континент енді АҚШ-тың қорғанысына сене алмайтынын және тек күшті армиямен ғана Вашингтонның құрметіне ие болатынын айтқан болатын.
Bloomberg бұған дейін АҚШ пен Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің Трамп-Путин саммитіне дайындық үшін келесі аптада кездесетінін хабарлаған. Кездесуде Украина өкілдері болуы мүмкін, бірақ Еуроодақ өкілдері болмайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық