Бітім емес — тұтқын алмасу: Ресей мен Украина арасындағы Стамбұлдағы келіссөздер немен аяқталды
Кездесу Долмабахче резиденциясында өтті және шамамен екі сағатқа созылды. Жиынға Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан да қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарсылас тараптар атысты тоқтату жөнінде келісімге келе алмағанымен, гуманитарлық мәселе бойынша — ауқымды тұтқын алмасу туралы келісімге қол жеткізді.
▪️ «1000 адамға — 1000 адам» формуласы бойынша тұтқын алмасу. Бұл туралы украин делегациясының басшысы Рүстем Умеров пен Ресей өкілі Владимир Мединский мәлімдеді. Олардың айтуынша, алмасу алдағы күндері жүзеге асуы мүмкін.
▪️ Тараптар болашақ бітімге қатысты өз көзқарастарын ұсынуға және кейінірек талқылауға қайта оралуға уағдаласты.
Украина тарапы Зеленский мен Путин арасында тікелей келіссөз өткізуді сұрады. Мәскеу бұл сұранысты «ескердік» деп хабарлады, — деді Мединский.
▪️ Ресей жағы кездесу нәтижесіне көңілі толатынын және диалогты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Украина президенті Зеленский екі тараптың соғысты тоқтату жолында қадам жасау мүмкіндігі болғанын айтқан еді, бірақ «Путин сөзінен тайып, Түркияға келмеді», деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық