Зеленский Ирина Мудраяны қызметтен босатты
Фото: Facebook.com/ И. Мудрая
Владимир Зеленский президент кеңсесі басшысының орынбасары Ирина Мудраяны қызметінен босатты. Бұл шешім Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы жүргізген арнайы операция туралы ақпарат тарағаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Украина президентінің 19 тамыздағы жарлығында Мудраяның қызметтен босатылу себебі көрсетілмеген.
Бұған дейін Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы мен Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы саяси қайраткерлер мен жоғары лауазымды шенеуніктер қатысы бар деген қылмыстық ұйымды әшкерелегенін хабарлаған.
Құқық қорғау органдары нақты тұлғалардың аты-жөнін жарияламады. Алайда Украина БАҚ-тары дереккөздеріне сілтеме жасап, ықтимал фигуранттардың қатарында Ирина Мудрая, халық депутаты Вадим Столар және бұрынғы депутат Максим Микитась болуы мүмкін екенін жазды.
Депутат Алексей Гончаренко Мудраяға қатысты тінту жүргізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Мудраяның қызметтен босатылуы мен НАБУ операциясының арасында тікелей байланыс бар екені ресми түрде айтылған жоқ.
Оқи отырыңыз:
«Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық