«Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
Фото: Википедия
«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешені құрылысы кезінде қаражат жымқыруға қатысты іс бойынша үкімді жариялауды кейінге қалдырды. Іс бойынша негізгі күдікті Ерлан Сариевке сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету және алаяқтық бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Әл-Фараби даңғылында орналасқан «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені — Орталық Азиядағы ең ірі спорт нысандарының бірі. Ол 2010 жылы 2011 жылғы Азия ойындарының нысандарының бірі ретінде салынған. Алайда көпшілікке белгілі Алматыдағы бұл кешеннің артында талай жылға созылған сот даулары мен миллиардтаған теңге көлеміндегі берешекке байланысты күрделі тарих жатқанын көпшілік біле бермейді. Еске сала кетейік, қылмыстық іс нақты 2023 жылы қозғалып бастаған. Orda.kz сайтына осы тақырыпқа қатысты екі көлемді материал шықты.
Трамплиннің салынғанына 10 жылдан асса да трамплинді салған жұмысшылардың басым бөлігі әлі де еңбекақысын алмаған әрі ол жерде үлкен көлемде қаржы жымқыру фактісі анықталған.
Алмалы аудандық сотының №1 сотында осы іс бойынша күдікті Ерлан Сариевке қатысты үкім жариялануы тиіс. Іс материалдарында Сариевке ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша айып тағылып отыр.
Судья Құралай Дарханова бүгін үкім шығаруы тиіс болғанымен сотталушының соңғы сөзін тыңдаған соң отырысты кейінге қалдырды. Сариев өз кінәсін мойындамады және қазір Ресейге қоныс аударып кеткен компанияның бұрынғы есепшісін сотқа шақырып есеп алуға қатысты өтінішін білдірді. Осы өтінішті қарау қажеттілігіне және судьяның кестесіне байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды. Айта кетейік, судья Дарханова журналистерге сот залынан фото-видео түсіруге рұқсат бермеді. Сот процесі ашық өтседе себебін сұрағанымызда түсіндірмеді.
Ал «ТОЛ-Құрылыс» компаниясының өкілі Әбдіразақ Байболатов жұмысшылардың 40 пайызы ғана жалақы алғанын айтты.
«Мен осы істі зерттеп әлі дәлелдеп келе жатқаныма 10 жылдан асты ғой. Сариев әкімшіліктен алған ақшаны талан таражға салды. Ең бастысы қара жұмыс істеп, еңбектеніп Алматының басты даңғылындағы ең биік ғимарат, тарихи маңызы бар «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинін салған адамдар еңбекақсыны ала алмай зар болып кетті. Сол жалақыға қол жеткізбей қайтыс болып кеткендер де бар. Жалпы жұмысшыларға берілуі тиіс жалақы 248 млн, Сариев 196 млн-ды жұмысшыларға берем деп алған, ал негізінде оның 50 млн-ы ғана жеткен, қалғаны қайда кеткенін ешкім білмейді өзі де мойындамайды», – дейді Байболатов.
Бұл істе бастапқыда «ТОЛ-Құрылыс» пен «Олимпикс 1995» ЖШС комапниялары зардап шегуші болғанымен артынша «ТОЛ-Құрылыс» компаниясы ол тізімнен алынып тастайды. Енді сотта тек қана «Олимпикс 1995» ісі қаралып жатыр. Сараптамада көрсетілген Сариев жымқырды деген 97 млн-нің небары 12 млн-ы ғана қаралып жатыр.
Күдікті Сариев деген кім және оны неліктен ақша жымқырды деп кінәлауда?
Ерлан Сариев Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені құрылысына қатысты қылмыстық істің фигуранты. Оған ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған.
Сариевтің бұл оқиғадағы рөлін түсіну үшін мемлекет пен құрылыс компаниялары арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылғанына назар аудару маңызды.
«Сұңқар» кешені мемлекеттік спорт нысаны ретінде салынды. Тапсырыс беруші Алматы әкімдігі болса, құрылыс жұмыстарының бас мердігері «ТОЛ-Құрылыс» ЖШС болды. Ал тағы бір компания — «ДАН-Строй» АҚ нысанның жобалық-сметалық құжаттамасымен айналысқан. Кешеннің жалпы сметалық құны 38,2 млрд теңге деп бағаланған
Сариевтің өзі «ТОЛ-Құрылыс» компаниясымен тікелей байланысты болған. Оның айтуынша, ол компанияға бас энергетик болып келген, кейін директор қызметіне дейін көтерілген. Яғни ол бюджет қаражатына билік еткен әкімдік шенеунігі емес, мемлекеттік құрылыс жобасын іске асыруға қатысқан коммерциялық компанияның басшысы болған.
Сонымен қатар Сариевтің «ДАН-Строй» АҚ-мен де байланысы болған. Қазіргі таңда ашық реестрлерде ол осы компанияның басшысы ретінде көрсетілген. «ДАН-Стройдың» негізгі қызмет түрі — тұрғын емес ғимараттар құрылысы.
Осылайша, Сариев ірі мемлекеттік құрылыс жобасы жүзеге асқан компаниялар жүйесінің ішінде болған. Әкімдік құрылысқа қаражат бөлді, «ТОЛ-Құрылыс» бас мердігер ретінде жұмыс істеді, ал «ДАН-Строй» жобалық-сметалық құжаттамаға қатысты жұмыстармен айналысты. Сондықтан тергеу Сариевтің қылмыстық іс бойынша рөлін кездейсоқ қызметкердің рөлі ретінде емес, жобаға қатысы бар компанияларда басшылық қызмет атқарған тұлға ретінде қарастырып отыр.
Айыптау нұсқасына сәйкес, 2016–2020 жылдар аралығында Сариев Алматыдағы Халықаралық шаңғы трамплині кешені құрылысына бөлінген бюджет қаражатын, сондай-ақ «ДАН-Строй» және «ТОЛ-Кұрылыс» компанияларының ақшасы мен мүлкін жымқыруды ұйымдастырған. Айыптау актісінде жымқырылған қаражаттың арасында жұмысшыларға жалақы төлеуге арналған ақша да болғаны айтылған.
Тергеу сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік пен активтерді олардың нақты иесін жасыру мақсатында туыстарына, отбасы мүшелеріне және басқа да адамдарға рәсімдеген деп есептейді. Осыған байланысты сот құжаттарында мүлікке тыйым салу мәселесі де қаралады. Бұл ықтимал шығынды өтеу және үкімнің мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігін орындау үшін қажет.
Сонымен бірге Сариев бұған дейін ұрлыққа қатысы барын жоққа шығарған. 2023 жылы ол ақшаны «ТОЛ-Курылыс» пен «ДАН-Строй» АҚ-ның бұрынғы басшылығы жымқырғанын, ал жұмысшылар алдындағы берешекті ішінара өз қаражаты есебінен өтегенін мәлімдеген.
Сондықтан қаражат жымқыру, активтерді шығару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру туралы тұжырымдарды әзірге айыптау нұсқасы ретінде қарастырған жөн. Сот тиісті үкім шығарып, ол заңды күшіне енгенге дейін Сариевтің кінәсі дәлелденді деп айтуға болмайды.
Ендігі сот отырысы 20 тамызға қалды Orda.kz бұл істен хабар таратуды жалғастырады.
Оқи отырыңыз:
Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
Жаңалықтар
- NASA Falcon 9 құлағаннан кейін Айда пайда болған кратер фотосы жарияланды
- Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне қатысты ТЖД мәлімет берді
- «Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
- «Біреуінің бауыры езіліп, үш бала қашып кеткен»: Райымбек ауданындағы қайғылы апатқа байланысты жаңа деректер шықты
- 20 тамыздан бастап қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады?
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
- Тәртіп өзгерді: Алимент түсетін арнайы шотты бұғаттауға болмайды
- Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
- Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
- Башар Асадтың бауыры Сирияда өлім жазасына кесілді
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек