Заңсыз мұнай өңдеу зауыты: Шекарадағы жер асты жолы арқылы 37 миллиард теңгенің контрабандасы шетел асқан
Фото: ҚМА
Жыл басынан бері Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын елден тыс жерге заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы бойынша сегіз сотқа дейінгі тергеу басталанын Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінде Маңғыстау облысында заңсыз шағын мұнай өңдеу зауыты анықталғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері кәсіпорын 28,5 мың тоннадан астам есепке алынбаған мұнайды өңдеген, ал дайын өнімді күдіктілер мазут ретінде көрсетіп, шетелге шығарған.
Түркістан облысында тергеу деректеріне сәйкес, мемлекеттік шекара астымен арнайы жабдықталған тоннель арқылы Өзбекстанға бензинді заңсыз шығаруды ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ әшкереленді. Сот топ мүшелерін кінәлі деп танып, оларды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, Қаржылық мониторинг агенттігі АИ-92 маркалы бензинді Қырғызстанға заңсыз шығарумен айналысқан тағы бір топқа қатысты тергеуді аяқтады. Агенттік мәліметінше, заңсыз экспортталған отынның жалпы көлемі 190 мың тоннадан асып, оның құны 37 млрд теңге болған.
«Кезекті тасымалдау әрекеті кезінде «Түрксіб» станциясында көлемі шамамен 500 тонна болатын заңсыз бензин тиелген сегіз теміржол цистернасы ұсталды. Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне өткізілді», деп хабарлады агенттік.
Бұған дейін полиция соңғы екі айда Қазақстаннан заңсыз шығарылмақ болған шамамен 17 тонна отынды қолға түсіргенін хабарлаған еді. Осы кезеңде жанармай бактары қайта жабдықталған 87 автокөлік анықталып, олардың иелері айыппұлға тартылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық