ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
Фото: kapital.kz
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы Алматы қаласы аумағында осы жобаның құрылымдық бөлімін басқарғаны анықталды.
Жоба «www.boxywealth.com» интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде «Күнделікті табыс» чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған.
Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін табыс уәде етілген.
Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген. Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы жүргізіліп, кейін P2P операциялар арқылы криптовалютаға аударылған.
Сенім қалыптастыру мақсатында компания тіркеліп, кеңсе ашылған, жарнамалық жұмыстар жүргізілген, «табыс» көрсеткіштері көрсетіліп, салымшыларға кеңес беру ұйымдастырылған.
Нәтижесінде 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңгеден астам қаражат салған. Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға инвестициялық жобалардың заңдылығын мұқият тексеруді, ұсынылатын ақпараттың шынайылығын бағалауды және қаражат салмас бұрын ұйымдардың қызметінің заңды екеніне көз жеткізуді ұсынады.
Оқи отырыңыз:
- ҚМА төрағасы президентке қылмыстық табысқа қарсы күрестегі атқарылған жұмыстарды баяндады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Алматы облысында интернет-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу салынды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық