«Үшеуі жүкті»: Прокурор құмар ойынға қатысты 7 қызды сот залында қамауды сұрады
Фото: Elements.envato.com
Ақтөбеде онлайн ойынхана бойынша айыпталған ағайындылар мен тағы 7 адамға қатысты істің жарыссөзі басталды. Прокурор соттан күдіктілердің бәрін кінәлі деп танып, қамауға алуды сұрады. Күдіктілердің үшеуінің аяғы ауыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қалалық сотында онлайн ойынхана ісін ұйымдастырды деп айыпталған бір топ адамға қатысты іс қаралып жатыр. Ойынхана табысы екі жылда — 1 млрд 721 млн теңгеге жеткен.
Іс бойынша 9 адам ҚК-тің үш бірдей бабымен күдікті деп танылды.
Тағылған айып 307-бап 3-бөліктің 1,2 тармағы «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру», 262-бап 1-бөлігі «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» және 218-бап 3-бөліктің 3-тармағы «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру».
Күдіктілердің екеуі тергеу изоляторында қамауда отыр. Жетеуі үйқамақта. Прокурор жарыссөзде іс бойынша күдіктілердің барлығын кінәлі деп танып, қамауға алуды сұрады.
Прокурор сұраған жаза — ағайынды жігіттерді 9-10 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу. Онлайн құмар ойынның екі әкімшісін 6 жыл 8 айға абақтыға қамап, дүние-мүлкін тәркілеу. Ал оператор-кассир қызметін атқарған 5 қыздың әрқайсысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұрады.
Іс материалдарына сүйенсек, айыпталушылардың қатарында ағайынды жігіттер, ерлі-зайыптылар, аяғы ауыр үш келіншек бар. Ұйымдасқан топқа екі ағайынды жігіт басшылық еткен. Біреуінің соттылығы бар. Заңсыз табыс табуға таныстарын шақырғаны айтылды. Олар жалға үй-жай алу арқылы құмар ойындарды жүргізген.
Ақтөбеде онлайн құмар ойынға қатысты тергеу шаралары 2024 жылы шілдеде басталды. Бауырлар 2022-2024 жылдар аралығында ойын бизнесін жүргізген. Олар аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапты деп айыпталады. Оператор-кассир төлем жасалғаннан кейін клиенттерге азарттық ойын сайттарына сілтеме жіберіп отырған.
Онлайн құмар ойынның әкімшісі болған екі қыз бен оператор-кассир қызметін атқарған қыздар алғашында куәгер, кейін күдіктіге айналды. Қыздар тағылған айыппен келіспейді. Қорғаушылары соттан бас бостандығынан айырмауды, ақтауды сұрады.
«Кассада оператор болған 7 қызды айыптап жатыр. Бастықтар қамауда, сотқа оларды күзетпен әкеліп жүр. Кассада отырған біз де ұйымдастырушылар секілді болдық. Біз тергеумен келіспейміз. Жеті қыздың арасында біреуі жалғызбасты ана, үшеуінің аяғы ауыр. Бәрінің кішкентай балалары бар. Біз ол жерде жалақыға жұмыс істедік. Онлайн казино екенін білдік, бірақ заңды деп ойладық. Ол жерде екі жылдай жұмыс істедік», — деді іс бойынша күдікті.
Қазір сотта күдіктілердің қорғаушылары өз уәждерін айтып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет «ақорданы белгілеу» туралы пікірде қателескенін айтып ақталған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық