«Қателік кетті»: «Тоқаевпен жұмыс істе» деген Ақтөбе әкімі түсініктеме жазды
Фото: Gov.kz
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет «ақорданы белгілеу» туралы пікірде қателескенін айтып ақталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шенеунік желіде тарап кеткен қоғам белсендісімен болған әңгімені растайды.
«Мемлекеттік қызметші болғандықтан этика жағынан менен қателік кетті. Біз Ерәділ Үббіниязов екеуміз бір бірімізді бұрыннан танимыз. Тек жұмыс бабында емес, өмірде де бір бірімізді танимыз. Жас кезімізде бокспен айналыстық. Сол кезден танимын», — деді Азамат Бекет.
Ақтөбе әкімі партия төрағасын қорқытпағанын айтты. Онымен бұрыннан хабарласып тұратынын да алға тартты. Айтуынша, желіде толық емес, қиылған контекст тараған.
Ол «тікелей Тоқаевпен істесеңші» деген сөзі ашық желіде тарап кеткеннен кейін түсініктеме жазғанын мойындады.
«Әрине, мен түсініктеме бердім. Мен мемлекеттік қызметшімін, саяси қызметшімін. Жұмыс болған соң, әкім қызметін атқарғаннан кейін әртүрлі сын болып жатады. Барлық айтылған сөзді сотқа беретін болсам, жұмыс істеуге де уақыт болмайды», — деді қала әкімі.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін сапасыз жұмысты желіде көрсетемін деп әкімнен сөз естіген белсенді туралы жазған едік.
Президенттің Ақтөбеге сапары кезінде қаладағы қураған жапырақтардың бір күнде жап-жасыл боп кеткені де жарияланды.
Осыған дейін ақтөбелік көпбалалы ана қираған үйге кіргізген қала әкімін жауапқа тартуды сұраған еді.
Азамат Бекет 2 жылдан бері Ақтөбе қаласы әкімі қызметін атқарып келеді. Бұл қызметке 2023 жылдың 26 маусымында тағайындалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық