Үкімет ЖЭО-лардағы жөндеу жұмыстары туралы айтты
Фото: Егемен Қазақстан
Үкімет Қазақстандағы жылу электр орталықтарындағы жабдықтарды жөндеу жұмыстарының қанша бөлігі аяқталғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылға жалпы тоғыз энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр екен, алайда кейбір нысандарда жасырын ақаулар анықталған.
Үкімет берген дерек бойынша екі энергия блогы толық дайын, тағы екеуі жөндеуде, 13 қазандық толық жөнделді, 27-сінде жұмыс жалғасуда. Сегіз турбина пайдалануға берілді, 16 нысанда жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Сонымен қатар, ел бойынша 500-ден астам қосалқы жабдыққа жоспарлы ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Желілерде де кешенді жұмыстар атқарылып жатыр екен. Қазірдің өзінде шамамен 6,3 мың шақырым электр беру желісі, 135 қосалқы станция және 1 253 тарату пункті жөнделді. Жыл соңына дейін 17 мың шақырымнан астам электр желісі мен 3,4 мыңнан астам тарату пунктін жаңарту жоспарланған. Республика бойынша жоспарланған 377 шақырым құбырдың 65 шақырым жылу желісі дайын, тағы 278 шақырымында жұмыстар қарқынды жалғасуда. Үкімет кестеден кешігу жоқ екенін атап өтті.
Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде жылу желілері 1 қыркүйекке дейін толық дайын болады, ал 15 қыркүйекке қарай станцияларда негізгі жөндеу аяқталады. Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында жылыту маусымы кешірек басталатындықтан, негізгі жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Қатты аяз болған жағдайда мемлекет қорларды алдын ала ұлғайтып жатыр. Қазір энергия көздері қоймаларында шамамен 3,5 млн тонна көмір жиналған — бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп, сондай-ақ 143 мың тонна мазут бар.
Биыл электр станцияларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөлген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Әзірге тәуекелі жоғары «қызыл» аймақта бес жылу электр орталығы бақылауда тұр: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, сондай-ақ Ақтаудағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы МАЭС -1.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық