Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
Фото ЖИ көмегімен жасалған
Германия астанасы Берлинде жеңіл көлік адамдар көп жиналған жерге кіріп кетіп, салдарынан бір адам қаза тапты. 16 адам жарақат алған, олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы BILD басылымы хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Тиргартен ауданында ЛГБТ-прайд шеруі өтіп жатқан кезде болған. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция шабуылға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 21 жастағы Абдула Б.-ны іздестіріп жатыр. Тергеу мәліметінше, ол радикал исламшыл топтармен байланыста болған және 2026 жылдың мамыр айында кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінен босап шыққан. Алайда құқық қорғау органдары әзірге көлікті дәл осы адамның жүргізгенін және оның жалғыз әрекет еткенін растаған жоқ.
Кейбір куәгерлердің айтуынша, көлік ағашқа соғылып тоқтағаннан кейін жүргізуші сыртқа шығып, айналасындағыларға пышақпен шабуыл жасаған. Бірақ бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық