Вискиді даяшы ішті ме? Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жалмаған Пак прокурордың сұрағына жауап беруден бас тартты
Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанстық жол апаты бойынша сот отырысында айыпталушы Александр Пак оқиға болған күні сырадан небәрі екі рет ұрттағанын, апатқа көліктегі ақау себеп болғаны айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот барысында Пактың адвокаты жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен қалай болғанын анықтау үшін қосымша сараптама тағайындауды сұрап, өтінішхат берді. Қорғаушының сөзінше, Александр Пак басқарған көлік бордюр тасына соғылғаннан кейін қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін.
«Іс материалдарындағы дәлелдер оқиғаның мән-жайын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан барлық ықтимал нұсқа жан-жақты зерттелуі керек. Апаттың себебіне қатысты қарама-қайшылықтар бар», – деді адвокаты.
Осыдан кейін сот Александр Пакты жауапқа тартуға көшті. Айыпталушының адвокаты алдымен іс үшін маңызды жайттардан бастауды ұсынды.
«Айтарым біреу ғана. Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Үш жазықсыз адамның өмірін қиған жол апатына кінәлімін. Үш отбасының басына қайғы әкелгенім үшін қатты өкінемін. Өз өмірімді де, отбасымның өмірін де құрдымға жібердім. БАҚ өкілдеріне де айтқым келеді: мен үшін шартты жаза қабылдауға келмейтін нәрсе. Заң аясында қандай жаза белгіленсе, соны өтеуге дайынмын. Жазадан қашып жүрген жоқпын, маған тіпті шартты жаза да келмейтінін білемін. Менің жалғыз тілегім – жәбірленушілердің отбасын артық қысымнан қорғау», – деді Александр Пак.
«Мейрамханадан шыққаннан кейін Әл-Фараби даңғылына жақындағанда көліктің панелінде ескерту шамдары жана бастады. Әл-Фарабиге шыққан кезде көлік аздап тайғанақтай бастады. Бұған дейін BMW көлігін жүргізгенмін. Ондай белгілер пайда болғанда қозғалтқыштың айналымын көбейтсем, мәселе жоғалып кететін. Сол әрекетті бұл жолы да қайталадым. Кейін сол жақ жолақтан оң жақ жолаққа ауыса бастағанымда көлік қарсы бағытқа өтіп кетті. Тізгін солға қарай тартып әкетті. Көлікті өз жолағыма қайтаруға тырыстым. Бірақ тежегіштер жұмыс істемеді. Осыдан кейін апат болды. Көзімді ауруханада аштым. Есімді жансақтау бөлімінде жидым. Үш адам қаза тапқанын сол жерде естідім», – деді Пак көзіне жас алып.
Сотта Пак мейрамханаға қалай келгенін, кімдермен отырып не ішкенін де айтып берді.
«Бұл кәдімгі жұма күнгі кеш болатын. Достарымызбен кешкі ас ішу үшін жиналдық. Олар өз таныстарын да шақырған. Мен өзіме сыраға тапсырыс бердім. Бірақ дәмі ұнамады. Сондықтан ішіп бітірмедім, бар болғаны екі ұрттадым. Қалған адамдардың не ішіп, не жегенін бақылаған жоқпын. Есепшотты мен төледім. Мен қайталап айтам сырадан ғана екі рет ұрттыдым, вискидің не басқасын кім ішкенін білмеймін», – деді ол.
Осыдан кейін мемлекеттік айыптаушы куәгерлердің ешқайсы виски ішпегенін айтпағанын, алайда чек бойынша үстелге вискиді бірнеше рет тапсырыс бергенін айттты.
«Александр ақырында вискиді кім ішті сонда? Алдыңғы кәугерлердің ешқайсы ішпегенін айтты, оларға бүгінгі жауап алатын Әсет Жақсылықовты қоспағанда, сонда вискиді даяшы ішті ме?» – деді прокурор.
Прокурордың осы сөзінен соң Пак ойланып қалды да ендігі мемлекеттік айыптаушының не жәбірленуші тараптың адвокатының сөзіне жауап беруден бас тартатынын айтты. Ол судьяның ғана сұрақтарына жауап беретін айтып, әрі қарайғы прокурордың жауаптарына үнсіздік танытты. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы жолайырықтан кейін қарсы бағытқа шыққанға дейін жеткілікті уақыт болғанын, бірақ осы аралықта жүргізуші ешқандай әрекет жасамағанын атап өтті.
«Мен бәрін дұрыс істемедім. Мұны жоққа шығармаймын. BMW жүргізген кезде дәл осылай істесем, көлік тұрақталып қалатын. Ал сағатына 219 шақырым жылдамдықпен жүргеніммен келіспеймін. Ондай көрсеткішке жету үшін бұған дейін кем дегенде 150–160 шақырым жылдамдықпен келе жатқан болуым керек еді. Бірақ ондай жылдамдық бойынша айыппұл да, тіркелген дерек те жоқ. Сондықтан сағатына 220 шақырым болды дегенге келіспеймін», – деді ол.
Жаңалықтар
- Заңсыз мұнай өңдеу зауыты: Шекарадағы жер асты жолы арқылы 37 миллиард теңгенің контрабандасы шетел асқан
- Мұхтар Ербаянның жаназасы ертең шығарылады
- Нұрлан Сабуров Ресейдегі көлігін 10 миллион рубльге сатты
- Венесуэла жағалауында 7,1 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болып, он мыңнан астам адам қаза тапты
- Қазақстанда электромобиль нөмірлері жасыл болуы мүмкін
- Атырау облысында 90 жастағы қарияны баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған
- +50°C дейінгі ыстық пен қуаңшылық: Шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде аптап ыстық болады
- Тоқаев төрт жаңа заңға қол қойды
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?