CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ Ұлттық барлау басқармасына Билл Пулт уақытша басшы қызметіне келгеннен кейін кең ауқымды кадрлық қысқартулар басталды, деп хабарлайды Orda.kz CNN мәліметіне сүйеніп.
CNN дерегіне сүйенсек, бұл шаралар ең алдымен Терроризмге қарсы күрес орталығы мен Қарсыбарлау орталығына әсер етпек.
«Терең мемлекеттік» қысқартулар басталды» деген телеарна дереккөздерінің бірі.
Конгрестегі демократтар бұл қайта ұйымдастыруға қатаң қарсы шықты. Олардың пікірінше, 2025 жылы жүргізілген штат қысқартуынан кейінгі жаңа жаппай жұмыстан босатулар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін.
«Барлау қауымдастығындағы тәжірибеңіздің жеткіліксіздігін ескерсек, мұндай қысқа мерзімде Ұлттық барлау директоры аппаратының құрылымын ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірмей қысқарту туралы толық негізделген пікір қалыптастырдыңыз деу қиын» деп жазылған олардың Пултқа жолдаған хатында.
Қысқартуға нақты қанша адамның іліккені әзірге нақтыланбаған. Басылымның мәліметінше, өткен аптада Пулт кеңсесіне жоспарланған уақыттан бір күн бұрын келіп, бұл қызметкерлер мен қызметтен кетіп жатқан директор Тулси Габбард үшін күтпеген жағдай болған. Алдын ала ол басқармадағы барлық қызметкерлердің тізімін сұратқан.
Қысқартулар Ұлттық барлау директоры басқармасын, Ұлттық терроризмге қарсы орталықты және Ұлттық қарсыбарлау және қауіпсіздік орталығын қамтуы мүмкін.
Мұндай ауқымды қысқартуларға байланысты алаңдаушылықты АҚШ Конгресі де білдірді. Сенат пен Өкілдер палатасының барлау комитетіндегі жетекші демократтар Пултке хат жолдап, қызметкерлерді қысқарту мекеменің жұмыс тиімділігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.
Билл Пулт бұған дейін ипотекалық агенттіктің басшысы болған. Оның ауқымды қысқартулар дайындап жатқаны туралы осы айдың басында белгілі болған, бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі мәлімдеген.
Маусым айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп Билл Пултты уақытша Ұлттық барлау басшысы етіп тағайындаған болатын. Сонымен қатар, ол тұрғын үй қаржыландыру агенттіктері мен Fannie Mae және Freddie Mac ипотекалық ұйымдарының басшысы қызметін де қатар атқара береді.
Ақ үй басшысы бұған дейін уақытша басшыдан барлау құрылымдарында қысқартулар жүргізуді талап ететінін де атап өткен. CNN мәліметінше, Пулт қызметіне кіріскен алғашқы жұмыс күні-ақ 19 маусымда-ақ жұмыстан босатылатын қызметкерлердің тізімін сұратқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық