Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
Фото: gov.kz
Үкімет азаматтарды әскери қызметке шақыру қағидаларын жаңартты. Негізгі жаңалық – Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесін (ҚР ҚМ ЦЖ) іске қосу. Бұл жүйе арқылы әскери есепті дербес жүргізу, шақырылушылардың деректерін тексеру және басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасу жүзеге асады, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді шақыру комиссияларының шешімдері, медициналық тексеру нәтижелері және әскерге шақыру туралы бұйрықтар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы электронды форматта рәсімделеді.
Сондай-ақ әскерге жіберілер алдында шақырылушылар жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді. Бұл мәліметтер цифрлық есепке алу картасына енгізіледі.
Бұдан бөлек, билік шақырылушыларды іріктеудің жаңа тәртібін белгіледі. Басымдық алдымен Мемлекеттік күзет қызметіне және ҰҚК Шекара қызметіне беріледі, одан кейін – Ұлттық ұланға.
Жаңа ережелер 4 шілдеден бастап күшіне енеді, ал кейбір нормалар 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери кафедра түлектерін екі жылдық қызметке шақыру тәртібін түсіндірген болатын. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Асқар Мұстабеков мәлімде жасады.
Оның айтуынша, әскери кафедраны бітіріп, офицерлік шен алған түлектер кадрлық жұмылдыру резервін толықтыру үшін екі жыл мерзімге әскерге шақырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық