Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
Фото: ҚазАвтоЖол
Шымкент — Өзбекстан шекарасы бағытындағы автожолда цемент-бетон жабындысында ақау анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған өңірдегі аптап ыстық себер болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәселе 23 маусым күні цемент-бетон жабындысы бар республикалық жол учаскелерін тексеру кезінде анықталған. «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, сейсенбі күні Түркістан облысында ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілген.
«Аптап ыстық жағдайында цемент-бетон жабындысы жоғары температуралық жүктемеге ұшырайды, плиталар кеңейеді, бұл кейбір учаскелерде жергілікті деформацияларға әкелуі мүмкін», деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол» компаниясы.
Қазіргі уақытта жолдың бұл бөлігінде уақытша жол белгілері орнатылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, арнайы техника жұмылдырылған.
Компания жүргізушілерден уақытша белгілер талаптарын сақтауды, жөндеу аймағында жылдамдықты төмендетуді және арақашықтықты ұстануды сұрайды.
Еске салсақ, мамыр айында мемлекеттік қызметте 18 қылмыстық іс тіркеліп, жол сапасына қатысты 77 шенеунік жазаланғанын жазған едік.ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2025 жылы аймақта 14 қылмыстық іс тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері тағы төртеуі қосылған.
Оқи отырыңыз:
- Ақылы жол тарифтерінің есептері ашық көрсетіледі
- «Жол сапасына 20 мың шағым»: 6 триллион жұмсалған Қазақстан жолдарының сапасы
- Мемлекеттік қызметте 18 қылмыстық іс тіркеліп, жол сапасына қатысты 77 шенеунік жазаланды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық