Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
Фото: Orda.kz
Ербаян Мұхтардың қазасынан кейін әлеуметтік желіде оның туыстары мәйітті алып кетуге қарсы болған сәттен түсірілген видео тарады. Осыған байланысты Orda.kz редакциясына полиция департаменті түсініктеме берді.
ПД мәліметінше, полиция қызметкерлері оқиға орнына қайтыс болған адамның мәйітін Сот-медициналық сараптама орталығына жеткізуді ұйымдастыру үшін барған. Ведомствоның айтуынша, бұл рәсім өлімнің нақты себебін анықтау және заңнамада көзделген құқықтық шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Сонымен қатар полиция қызметтік міндеттерін орындау барысында олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіру және физикалық күш көрсету фактілеріне тап болғанын мәлімдеді.
«Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша орын алған оқиғаға қатысы бар барлық адамдардың, оның ішінде полиция қызметкерлерінің де әрекетіне қатысты құқықтық баға берілетін болады», деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Orda.kz редакциясына Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Мұхтар видео жолдап, жұртты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырған еді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасы Астанадағы мәйітхана алдында жүр. Хамит Мұхтардың сөзінше, Ербаянның мәйіті әлі ашылмаған, ал туыстары прокуратурадан қажетті құжаттарды күтіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық