Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
Фото: Бейнеден кадр
Венгрия астанасы Будапештте парламенттік сайлау қарсаңында қазіргі премьер-министрдің жақтастары мен оппозиция өкілдері жаппай митингге шықты. Қолдаушыларынан қол жинаған қазіргі премьер-министр Виктор Орбан алдағы дауыс берудің маңызды екенін айтты. Ал оның басты қарсыласы – еуродепутат, оппозициялық TISZA партиясының жетекшісі Петер Мадьяр өз жақтастарымен бөлек митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Orda.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Митингтер Венгрияның ұлттық мерекесі – Венгрияның ұлттық күні (15 наурыз) аясында өтті. Ал елдегі парламенттік сайлау 12 сәуірге жоспарланған. Сарапшылар бұл сайлауды Орбан билігі үшін 2010 жылдан бергі ең үлкен саяси сынақтардың бірі деп бағалап отыр.
Парламент ғимараты алдында өткен «Бейбітшілік шеруінде» сөйлеген Орбан жақтастарын белсенді түрде дауыс беруге шақырды. Ол алдағы сайлауды «тарихи шешім» деп атады. Ол ФИДЕС – Венгрия азаматтық одағы партиясы 2022 жылғы нәтижеден де жоғары көрсеткішке жетуі тиіс екенін айтты.
«Бізге көбірек дауыс қажет», – деді ол.
Сонымен қатар Орбан сайлауды «соғыс пен бейбітшіліктің арасындағы таңдау» деп сипаттап, қарсыластары Венгрияны Украинадағы соғысқа тартқысы келеді деп айыптады. Ол сондай-ақ елдің егемендігін қорғауға уәде беріп, сыртқы қысымға, соның ішінде Еуропалық одақ тарапынан жасалатын ықпалға қарсы тұратынын айтты.
Ал Петер Мадьяр қарсыласының науқанын «күлкілі насихат» деп атады.
Сондай-ақ ол премьер-министрді елдің еркіндігін шектеуге тырысты деп айыптап, «сайлауға араласу үшін ресейлік агенттерді шақырды» деген мәлімдеме жасады.
Журналистердің мәліметінше, Будапештте өткен екі митингке де ондаған мың адам жиналған. Сарапшылар алдағы сайлау Венгрияның саяси бағытына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін атап өтуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық