Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Әз-Наурыз қазақ халқының ерекше атап өтетін мерекесі. Ұлыстың ұлы күні ауыл-аймақта, жер жерде түрлі іс-шаралар мен мерекелік кештер ұйымдастырылады. Әр шаңырақта Наурыз көже жасалады. Бата-тілектің қатары көбейеді. Жыл сайын ерекше атап өтілетін Наурыз мейрам биыл да өз жалғасын таппақ. Бұл күні барлық қала мен облыстардағы ашық алаңдар мен саябақтарда Наурыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын түрлі мәдени бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар қойылады. Orda.kz халық биылғы Наурызды ел болып қалай өткізетініне шолу жасады.
Наурызнама онкүндігі
Наурыз мерекесіне орай елде 1 жарым мыңнан астам іс-шара өтеді. Ең ауқымды жобаның бірі – Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылады. Әдеттегідей, әр күннің тақырыптық бағыты бекітіліп, мейрам кеңінен тойланады. Он күндік 14 наурыз күні Амал мерекесінен басталып кетті. Ал 15 наурыз – қайырымдылық күні деп аталып, 16-сы – мәдениет және ұлттық дәстүр дәріптелді. Одан кейінгі үш күн – шаңырақ, ұлттық киім және жаңару күні болып белгіленген. 20-наурызда ұлттық спорт түрлері насихатталса, одан кейінгі тәулік – ынтымақ күні атап өтіледі. Ал 22 наурыз – жаңа жылдың бастауы. Келесі күн тазалық шараларына арналған. Наурыз мейрамына арналған негізгі мерекелік шаралар 21–23 наурыз күндері өтеді.
Кеше, 15 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясындағы қайырымдылық күніне орай Қазақстан музейлерінде ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балалар мен отбасыларға арналған бірқатар игі іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының ұлттық музейінің ұжымы қайырымдылық күні аясында мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетті.
«Бұл игі бастама Наурыз мейрамының тек мерекелік көңіл-күймен ғана емес, жанашырлық пен қамқорлық сияқты терең дәстүрлермен де астасып жатқанын тағы бір мәрте айқын көрсетті», — деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Биыл елімізде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай биылғы Наурызнама онкүндігінде заманауи технологиялар мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Мерекелік шаралардың артықшылығы, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары белсенді қолданылмақ. Ұлттық ойын түрлері қоғамдық орындар мен сауда үйлерінен бөлек, тұрғын үй кешендерінің аулаларында да ұйымдастырылатын көрінеді. Сондай-ақ өңір-өңірден жеткізілген азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Мерекенің жақсы өтуіне әр қала жеке дара атсалысады
Көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында елордасы Астанада 200-ден астам түрлі іс-шара мен акция өткізу жоспарланған. Қала әкімдігінің мәліметінше, мерекелік шаралар бірден бірнеше алаңда өткізіледі. Ал Алматыда іс-шаралар өтетін негізгі орындар — Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілер бөлігі және Панфилов көшесі. Қаланың әртүрлі аудандарында халық қолөнері бойынша шеберлік сабақтары мен көрмелер өткізіледі. Сондай-ақ Алматыда бүгін, 16 наурыздан көшелер жабылып бастайды. Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірнеше көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
«2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден бастап 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады», деп мәлімдеді «Алматы жолы».
Ізгілікке бастайтын іс-шаралар өзге де қалаларда жалғасын табады. Бұл шаралар Наурыз мейрамының мазмұнын кеңінен танытып, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға және халықтың мерекелік көңіл-күйін арттыруға бағытталған.
Мереке кезінде қазақстандықтар қалай демалады?
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 21 наурыз – сенбіге, 22 наурыз – жексенбіге, 23 наурыз – дүйсенбі күніне тура келіп тұр. Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Айта кететін жайт, 20 наурыз - Ораза айт мерекесі. Бұл күні мұсылмандар бір ай бойы ұстаған оразасының аяқталуын атап өтеді. Ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дастарқан жайылып, алыс-жақын ағайын-туыс айттап үй-үйді аралайды. Осылайша қазақстандықтар ұлыстың ұлы күнін айт мерекесімен қатарластыра тойлайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын ресми растады
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
- Президент құттықтады: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылды