Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп
Фото: Ақ үй
АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты одақтастарын аймаққа әскери кемелер жіберуге шақырды. Сонымен қатар, Иранның мұнай экспорттайтын аймақтарына соққы жасалатынын жасырмады, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Иранның басты мұнай экспорттайтын нүктелерінің бірі – Харг аралына жаңа соққылар жасалуы мүмкін екенін айтты.
Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында «Қаласақ, жай ғана қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз», – деді. Сонымен қатар ол мұнай тасымалы тоқтап қалған елдерді Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру әрекеттеріне қосылуға шақырды.
Financial Times басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ елдерінің сыртқы істер министрлері аймақтағы ЕО-ның «Аспидес» атты әскери-теңіз миссиясын кеңейту мәселесін талқыламақ. Вашингтон Таяу Шығыстағы одақтастардың келіссөз бастау жөніндегі ұсынысын қабылдамаған. Ал Ислам революциясы сақшылар корпусы жексенбі күні Израильге және аймақтағы үш америкалық әскери базаға жаңа зымырандар атылғанын мәлімдеді.
Трамп Иранға бірқатар талап қойды. Олардың ішінде ел басшысын таңдауға ықпал ету құқығы, сондай-ақ Иранның ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламаларын тоқтату бар. Оның айтуынша, Тегеран қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімге дайын сияқты.
Сондай-ақ Трамп Иранның жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеидің «көзін құртуы» мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Хаменеидің денсаулығы жақсы екенін және жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын айтты.
Жексенбі күні тараптар бір-біріне зымырандар мен дрондар арқылы шабуылдарын жалғастырды. Теңіздегі кеме қатынасы әлі де тоқтап тұр. АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райт соғыс «алдағы бірнеше апта ішінде» аяқталуы мүмкін деп болжап отыр. Оның айтуынша, бұл мұнай жеткізілімінің жылдам қалпына келуіне және бағалардың төмендеуіне әсер етуі ықтимал. Ал Израиль билігі Иранға қарсы әскери операция кемінде тағы үш аптаға созылатынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық