«Бізді соғысқа шатуға жол бермейміз»: Венгрия екі украин тыңшысын қуып жіберді
Фото: IAEA Imagebank / Wikimedia Commons, CC BY 2.0
Украина мен Мажарстан арасында шпиондық жанжал өршіп тұр. Украиндық қауіпсіздік күштері Венгрияның барлауында жұмыс істеген екі бұрынғы әскериді ұстағаны туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң мажар билігі кері әрекет көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Telex-тің ақпараты бойынша, Мажарстанның сыртқы істер министрі Петер Сийярто венгр билігі Будапештегі елшілік қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізген деген екі украиндық тыңшыны елден шығарғаны туралы мәлімдеме жасады.
«Біз, мажарлар, бейбітшілікті қалаймыз, соғысқа «жоқ» дейміз, Венгрияны соғысқа тартуға жол бермейміз... Сонымен қатар, венгр халқы Украинаның ЕО-ның бір бөлігі болуына қатысты шешім қабылдауы тиіс», - деді Сийярто.
СІМ басшысы Венгрия Украинаға ешқашан қару жеткізбегенін және оны алдағы уақытта да жасамайтынын, сондай-ақ Киевті «лас әрекеттер» үшін айыптайтынын айтты. Сийяртоның айтуынша, Будапештің Украинаға әскери қолдау жіберуден бас тартуы Киев тарапынан айыптауға себеп болған.
Бұған дейін Украинаның Қауіпсіздік қызметі Венгрияның барлауында жұмыс істеген деп болжанған екі адамды ұстағаны белгілі болған болатын. Олар Закарпатиядағы әскери инфрақұрылым туралы мәліметтер жинаған деп айталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық