Елде бір ғана президент бар — Венесуэла Мадуро тұтқындалғаннан кейін АҚШ-қа жауап қатты
Фото: Делси Родригес / Wikimedia Commons (CC BY 4.0)
Венесуэлада вице-президент Делси Родригес ресми түрде ант берді. Енді ол мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Каракаста өткен рәсім барысында Родригес елдің «ешкімнің отарына айналмайтынын» мәлімдеп, ұлттық егемендікті қорғауға уәде берді. Ол зорлық-зомбылыққа және сырттан кез келген әскери араласуға қарсы екенін айтып, Николас Мадуро мен оның жұбайын босатуды талап етті.
Родригес атап өткендей, қазіргі жағдайға қарамастан, Николас Мадуро заңды көшбасшы болып қала береді, ал елде легитимді билік сақталған.
«Венесуэлама және халқыма айтқым келеді: мұнда әрекет етіп тұрған үкімет бар», - деді ол.
Қазіргі уақытта республикадағы ахуал әлі де шиеленісті күйде қалып отыр. Венесуэлалықтар ел ішінде де, шетелде де көшеге шығып жатыр: біреулері АҚШ-тың әрекетін қолдаса, енді біреулері Мадуроны босатуды талап етуде. Сонымен қатар әлемнің әр түкпірінде митингілер өтуде.
Үндістанның Калькутта қаласында белсенділер Трамптың қуыршағын өртеді.
Лондонда бір ер адам АҚШ елшілігінің алдына «Венесуэладан қолдарыңды тарт!» деген жазуы бар плакатпен шықты.
Римде бірнеше жүз адам дәл осындай ұранмен АҚШ елшілігінің алдына жиналды.
Осындай наразылық акциясы Нью-Йоркте де өтті. Айта кетейік, қала мэрі Зохран Мамдани АҚШ операциясын айыптады.
«Венесуэланы азаптауды тоқтатыңдар!» деп ұрандатты мегаполис тұрғындары.
Ал Мадрид пен Сантьягода венесуэлалықтар «Мадуро режимінің құлағанын» атап өтті.
Қақтығыс жайлы, әлем көшбасшыларының болып жатқан оқиғаларға реакциясы және Трамптың негізгі мәлімдемелері туралы біз бұған дейін жаздық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық