Ұшақ апатының тергеу ісі мен қара жәшікті Бразилияға тапсыру жайлы сарапшы пікірі
Фото: ТЖМ
Қазақстандық саясаттанушы Ғазиз Әбішев апатқа ұшыраған ұшақтың жазба құрылғыларын («қара жәшіктер») Бразилияның авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Саясаттанушы өзінің Telegram-арнасында бұл шешім Қазақстанның күрделі геосаяси жағдайда бейтараптықты сақтауға деген ұмтылысын және принципшілдігін көрсететінін атап өтті.
Ғазиз Әбішевтің айтуынша, вице-премьер Қанат Бозымбаев Қазақстан апаттың себептерін зерттеу жөніндегі комиссияға ешқандай қысым көрсетілмейтінін айтқанымен, бәрібір жағдай басқаша көрінеді.
«Жағдайдың күрделілігі анық байқалады. Мұны Әзірбайжан басшылығының риторикасынан байқауға болады. Егер Баку мен Мәскеу арасында түсіністік болғанда, бұл риторика мұндай болмас еді», - деді саясаттанушы.
Сарапшының пікірінше, Қазақстанның Ресей тарапынан саяси қысымға ұшырап отырғаны анық. Ресей «қара жәшіктерді» ТМД-ның Халықаралық авиациялық комитетіне (МАК) тапсыруды ұсынған.
CENIPA-ға деректерді беру туралы шешім
Ғазиз Әбішевтің пікірінше, қара жәшіктерді Бразилияға (Embraer ұшағын шығарушы ел) тапсыру Қазақстанның маңызды қадамы болды.
«Бұл шешім қысымды азайтуға және халықаралық қауымдастыққа сенім ұялататын бейтарап талдау жүргізуге бағытталған», - деді ол.
Сарапшы бұл шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлімен байланыстырды.
«Президент Тоқаев Әлиев және Путин президенттерімен сөйлесіп, Ресей мен Әзірбайжан арасындағы шиеленісте бейтарап делдал екенін көрсетті. Ол қара жәшіктерді бейтарап халықаралық орталыққа тапсыру барлық тарапқа тиімді деген қорытындыға келді», - деп атап өтті сарапшы.
2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қоңырау шалған болатын.
Еске сала кетсек, Тоқаев «арандатуға жол бермеу» жайлы және ұшақ апатына қатысты басқа да шұғыл тапсырмалар берген болатын.
Апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.
Соңғы сапарға аттанған ұшақ жайлы толық ақпаратты тілшіміздің мақаласынан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- Интернет-алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік қажет — Жақып Асанов
- Құрылтай: депутаттарға қойылатын талаптар қандай болады
- Ата заңға Халық Кеңесіне арналған жеке бөлім енгізу ұсынылды
- Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттіктер ауқымы айқындалады
- Прокурорлар мен тергеушілер адвокаттық лицензия алу үшін аттестациядан өтеді
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдікті кеден қызметкері Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
- Талдықорғанда Қытай туы мен Си Цзиньпиннің портретін өртегендердің соты басталды
- Испаниядағы теміржол апаттарынан бес күнде 40-тан астам адам қаза тапты
- Түркістанда дәрігерлер 8 айлық сәбидің денесінен ине тапты
- Медициналық сақтандыруға қатысты даудан кейін қорды Гүлмира Сәбденбек басқаратын болды
- Қатты аязға байланысты Астанадан шығатын бес республикалық тасжол жабылды
- Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер басталды
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді
- Кәмелет жасқа толмаған қыз қаза тапты: Ұлынан айырылған ана әділдік іздеуде
- Мас кезінде көлік айдаған судья жұмысынан босатылды
- «Шымкенттегі бойжеткеннің қазасы»: Нұрайдың өліміне қатысты жаңа баппен іс қозғалды
- Балқаш ЖЭО-сы экологиялық заңбұзушылықтар үшін 21 млн теңгеге жуық айыппұл төледі
- Қарағандыда Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды