«Жаңа Алакөл»: Курорттың бас жоспары Түркия мен Мысыр стандарттары бойынша әзірленеді
Фото: Абай облысының әкімдігі
Алакөлдің туристік әлеуетін дамытуға арналған жаңа бас жоспар тұжырымдамасы Абай облысының әкімі Берік Уәлиге таныстырылды. Құжатқа сәйкес, көл жағалауын дамыту Түркия мен Мысыр тәжірибесі бойынша жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Orda.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алакөлге келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Сол себепті біз көл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытып, жағажай аймағын кеңейту арқылы қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Бас жоспар халықаралық стандарттарға сай әзірленетін болады», — деп атап өтті өңір басшысы Берік Уәли.
Қазіргі таңда көл жағасындағы жағажай аумағы шамамен 300 гектар. Бұл аумақты кеңейту көзделіп отыр. Жүргізілген зерттеулер оң жақ жағалаудың сазды топырақта орналасқанын көрсетті. Осыған байланысты көлдің сол жақ бөлігін ұзарту жоспарлануда.

Судан 100 метр қашықтықта тек құммен жабылған жағажай жолағы салынбақ. Сонымен қатар, жағалау сызығы нығайтылып, жаяу жүргіншілер аймақтары құрылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Алакөл инфрақұрылымын дамыту мәселесін Берік Уәли Қытайлық инвесторлармен талқылады. «Сан Бао», «Ванджан» және «Juding Group» компаниялары бірнеше жобаларды ұсынды, оларрдың қатарында халықаралық қонақ үй, экологиялық үйлер, сауықтыру орталығы, су сарайы, халық мәдениеті орталығы және басқа да нысандары бар.

Алдағы уақытта олар көл жағасында алғашқы 100 үйді орнатуға дайын екенін білдірді. Әкім тиісті басқармаларға инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырды.
Бұған дейін заңгер Саида Таукелова Facebook парақшасында Алакөлдегі бейберекет жағдай туралы жазған болатын. Оның айтуынша, жағажайда құтқару мұнаралары да, үйлер де, сертификатталған құтқарушылар да жоқ. Ал демалушылар, оның ішінде балалар да, гидроциклдер мен катерлер арасында суға түсіп жүр.
Заңгердің сыны мен «Орда» жариялаған материалға Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді. Ведомство тексеру жүргізуге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық