«Елдегі жоқшылық»: Қазақстандықтар неге шетелге кетіп жатыр?
Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.
Orda.kz жан бағу үшін шетел асып, Колумбияда қаза болған қазақ жайлы бұған дейін жазған болатын.
ҚР Ұлттық банк жүргізген зерттеу нәтижесіне қарасақ, қазақстандықтар тапқан табысының 61%-ын азық-түлікке жұмсайды. Талдау елдің тұрмыстық жағдайының нашарлағанын көрсетті. Шетелге жұмыс үшін кетіп жатқан жастар баршылық. Олар тек Еуропа емес, Азия елдеріне де кетіп жатыр. Кейбірі сол жақта осы азамат секілді қаза болып, болмаса депортациямен елге оралып, ал кейбірі сол жаққа көшіп, тұрақтап қалып жатыр.
Orda.kz тілшісі қазақстандықтардың шетелге кетіп жатқаны маңызды мәселе болған соң, елдегі экономикалық жағдайды саралап, Кореяда жұмыс істеп келген азаматтан сұхбат алды.
«Өз елінің ұлтаны»
Арғымақ мойнын оқ тесер,
Азамат мойнын жоқ кесер.
Шетелге кеткендердің арасында отбасын асырау үшін, тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жұмыс іздеп кететіндер көп. Сондай азаматтың бірі Кореяда 2 жыл жұмыс істеп, өз отбасының жағдайын жасап келген. Депортациямен елге қайта оралған Азат (ред. есімі өзгертілді) Кореяда құрылыста жұмыс істеп, отбасының жағдайын жақсартқанын айтты.
«Отбасымызбен қарызға баттық. Тез арада жағдайды өзгерту керек болды. Астанада Волгодоновка деген ауылда таңғы 03:00-де оянып, 04:00-де жұмыс бастап, кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істедік. Күніне бір адам 10 мың кірпіш кіргізеді. Соған 13 мың теңге аламыз. Соған мәзбіз. Жұмыс өте ауыр. Айына 350 мың тапсаң, ол кездері жақсы. Кейбір құрылыс компаниялары еңбекақымызды бермей, лақтырғаны да болды. Соған арыздансақ, құқық қорғау органдары өзімізге ұстаса кетеді. Қысқасы, елдегі қара жұмыс отбасымның мәселесін шеше алмады. Кореяға жұрт дүркіреп кетіп жатқан кез. Сосын сонда жұмыс істеуге кеттік те қалдық», — деді Азат.
Азат Кореяда мұндай ауыр жұмысты іздеп табу қиын емес екенін айтты.
«Кореяда жұмыс табу қиын емес. Facebook топтар бар. Жан-жақтан келген орыс тілді этникалық кәрістер делдал болатын немесе орыс тілді зауыт-фабрикалар егіндегі жұмыстарды ұсынады. Күндік табыс 100$ шамасында болады. Негізі әр түрлі жұмыстар арқылы 150$, 200$ табуға болады. Ол біздің елдегі табысқа шаққанда өте жақсы», — деді Азат.
«Полициядан қашамын деп 2-қабаттан секірдім»
«Біз дамыған ел қатарындамыз. Бірақ жұмыс визасы ол кезде қарастырылмаған кез. Қазір қандай екенін білмедім. Сол үшін біз заңсыз имигрант ретінде жұмыс істедік. Үнемі полициядан қашуға дайын жүрдік. Талай рет қаштық та. 2 қабаттан секіріп, егін аралап, қашып-пысып жұмыс істеген кездер болды. Жан бағып үй ішімізге көмектесуге тырыстық. Ол жақтағы әрбір қазақтың басынан өткен оқиға бір-бір кітап болатын шығар. Жататын орын жағын шешіп береді. Біздікінен жақсы», — деді азамат.
«Кореяда жүргенде басты қиындық қандай болды?» деген сұрағымызға кейіпкер құжат жарамай, заңсыз жүру, «2 сорттағы адам болу» деген жауап айтты. Тапқан табысының арқасында отбасы шаруақожалығын ашып, мал өсіріп, қарыздарынан құтылып ел қатарлы өмір сүре бастағанын айтты.
«Менің Кореядағы 2 жылдық өмірім Қазақстандағы 15 жылдан артық. Олай дейтін себебім — елде жылдар бойы жұмыс істеп жинай алмағанымды сол елден таптым. Көп жұрт тапқан табысымды есептеп, күндес болып жатады. Корея деген — курорт емес. 2 жылда қаншама денсаулықтан айырылып қайттық… Оны көбі ойлай бермейді. Біз әлі қараңғымыз. Осы бір-бірімізді көре алмауды қойып, ресурс көп, жер үлкен, дамып, білім жинауымыз керек. Керісінше, шетелдіктер бізге келіп таңқалатындай болуы керек», — деді азамат.
«Қарызға батқан халық»
Бай сейілді,
Бір пейілді
Елде жақсы қалмады.
Елдегі еркек,
Босқа селтек
Қағып, елін қармады.
Абай
Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, Қазақстанның сыртқы борышының көлемі 2024 жылдың басынан бастап жылда 0,2 млрд АҚШ долларына төмендеп, 2024 жылғы 1 сәуірде 162,5 млрд доллар болды. Бұл мемлекеттің сыртқа қарызы. Ал 2023 жылы елдегі несиелік қарыздардың жалпы көлемі 10,7 триллион теңгеге жетті. Көптеген азаматтар табысының төмендігіне байланысты несие алып, қарыздарын уақтылы қайтаруға қиналып қалады.
Елден кеткендер көбейді
Соңғы жылдары елден шетелге кеткендер саны артып келеді. Ішкі істер министрлігінің статистикалық деректеріне қарасақ, 2023 жылғы Қазақстанға келгендер саны 2,7%-ға азайды, Қазақстаннан кеткендер саны 42,1%-ға өсіпті.
Ал биылғы қаңтар-наурыз айындағы статистикада елге келгендер саны 7471 адам, кеткендер саны 3785 адам болды.
Статистикаға назар аударсақ, ҚР жұмыссыздық деңгейі халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша 4,7% құрайды. Алайда жұмыссыз жүргендер бұдан да көп, себебі статистикаға кірмей қалған азаматтар да болуы мүмкін. Жұмыссыздық елдің экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді.
Қорыта келе айтарымыз, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту ең маңызды мәселе болып тұр.
Шетелге жұмыс істеу үшін кететіндерден бөлек сол жақта тұрақты қалып қалатын азаматтар да бар. Олардың елден кету себебі экономикалық жағдайы жақсы әрі қауіпсіз, дамыған елдерге аңсарының ауғанын байқатады. Бұл мәселелердің бәрі елді дамытатын, көп бағыттарда елеулі іс істей алатын білікті мамандар мен жұмыс күшінің, жалпы жастардың елден кетіп қалуы мүмкін екенін көрсетіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, эмигранттардың 70%-ы жоғары немесе кәсіби білімге ие азаматтар. Бұл мемлекетімізде білікті кадрлардың жетіспеуіне әкеп соғады.
Жаңалықтар
- Украина экс-президентінің ұлы мобилизациядан жалтарды деп айыпталды
- Павел Дуров: Telegram ай сайын заң бұзғаны үшін 15-тен 20 миллионға дейін аккаунтты жояды
- Әкімдіктер бюджеттен бөлінген 40 миллиард теңге қаражатты игере алмады
- Қаскелеңнен Алматыға дейінгі жол сегіз жолақты болады
- Оңтүстік Кореядағы сот ғимараты алдында мыңдаған адам президентті қолдап шеруге шықты
- АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынды
- QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі 2 айға қамалды
- «Жыл оңай болмайды»: Бюджет кірістерін ұлғайту үшін қолайсыз реформа қабылдау керек пе?
- Қазақстанда 35 градус аяз болады
- Павлодар облысында шетелден тауарға тапсырыс беруді үйреткен шенеунік жұмыстан қуылды
- Екпе мен донорлықтан бас тарту: ҚР ДСМ басшысы Бас мүфтимен кездесті
- Ресей Киевке баллистикалық шабуыл жасады: Қазақстан елшілігінің ғимараты зардап шеккен жоқ
- Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
- АҚШ-та Трамптың инаугурациясынан кейін бірден мигранттарға қарсы рейд басталады
- Ақтөбеде полиция ғимаратында есірткі сақтаған және сатқан полицей сотталды
- Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолды ірі қар көшкіні жауып қалды
- Тоқаев Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің 20 жылдығымен құттықтады
- Израильдің әскери кабинеті Хамаспен бітім келісімін мақұлдады
- Рубль экономикамызды жалмауын тыймағанша, теңгенің құнсыздануы жалғаса береді – мәжілісмен
- Алматыда ақпан айынан бастап су бағасы тағы қымбаттайды