Бас прокуратура: «Шетелде табыс табамын деп құлдыққа түсу қаупі бар»
Фото: Айқын
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жұмысқа орналастыру саласындағы қылмыскерлердің белсенділігінің артында қауіп-қатер тұруы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Orda.kz Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып.
Опасыздар ең төменгі талап қойып, жоғары жалақы ұсынып, танымал платформалар мен әлеуметтік желілерде жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды.
«Жауап қайтарылғаннан кейін ізденушілерге жалған сайттарға, дербес деректерді жинауға арналған сауалнамаларға сілтеме жіберіледі немесе қылмыскерлерге банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны бақылауға қолжетімділік ашатын зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын «жұмыс үшін мобильді қосымша» орнатуды ұсынады», деп хабарлады қадағалау органы.
Қауіпті бос орындардың тағы бір түрі - шетелде, негізінен Таиланд, Мьянма және басқа да Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар.
IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарда жұмысқа орналасу сылтауымен азаматтар шетелге шығарылады, онда олар қара жұмыс немесе жыныстық құлдыққа ұшырауы, арамзалыққа жегілуі және зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Жекелеген жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе органдарды транспланттау схемаларына пайдалануы мүмкін», деп ескертті қадағалау органы.
Қылмыс құрбаны болмау үшін келесі қимылдарды жасау керек:
- құжат жөнелту немесе қосымшаларды жүктеу алдында жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекенжайын тексеру;
- жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдегені үшін қаражат аудармау;
- қосымшаларды тек Google Play, AppStore арқылы орнату;
- ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін, банк карталарын ұсынбау;
- іріктеу жөнінде қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткіз - агенттіктің тіркеу деректерін, шетелдік жұмыс берушімен жасалған шартты сұрату;
- күмәнданған жағдайда полицияға хабар беру қажет;
- әдеттегідей қоңырау шалса бейне байланысына өтуді ұсыныңыз.
- адамның тұрған жері мен айналасына (бөлме, қойма, жатақхана), қасында сөйлесуді бақылайтын бөгде адамдардың болуына, естілетін кеңестерге, дауыс үніне, бет-әлпетіне (қорқынышты көрінеді, камераға қараудан қашады) назар аударыңыз.
Егер адам айналасын көрсетуден бас тартса, сөйлеуден қорықса, қысқа немесе біркелкі сөйлесе, жалтақтап отырса, оны мәжбүрлеп немесе бақылап отырған адам болуы мүмкін, бұл туралы полицияға хабарлау керек.
Ең шошырлығы шетел аспай-ақ, осындай өрескел қылмыстардың өз елімізде, өз өмірімізде етек жайғаны. Еске салсақ, «Жалаңаш суретіңді күйеуіңе көрсетемін» деп Алматыда әйелді жарты жылдық секс-құлдықта ұстағаны туралы тілішіміздің зерттеу мақаласын мына жерден оқыңыз.
Бұндай секс-құлдық оқиғасы жақында Түркістанда да анықталды, 12 ер адамнан тұратын қылмыстық топ 8 ай бойы 17 жастағы қызды зорлап келген.
Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлегені белгілі болды. Мектеп оқушысын жарты жыл бойы жыныстық құлдықта ұстаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық